Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы шеңберінде көрсететін қызметтерінің бағалары жобаларын талқылау бойынша жария тыңдауларының өткізілетінін хабарлайды.
Тыңдау «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының өтінімі бойынша онлайн форматта 2025 жылғы 3 қыркүйек, Астана уақыты бойынша сағат 15:00 өткізіледі.
Тыңдауға мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.
Тыңдауға қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу үшін +7(7172) 701 999 (3157) нөмірі бойынша хабарласыңыз немесе өтінімдерді d.sultangaliyeva@mdai.gov.kz, Didas.Mukushev@nitec.kz почталарына жолдаңыз.
Тыңдауға қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жолданатын болады. Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 2 қыркүйек сағат 10:00 ден 17:00 дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Султангалиева Данагуль +7(7172) 64-95-45
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Мукушев Дидас +7(7172) 701 999 (3157), +77016667184