«Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Түзетулер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолданыстағы ведомстволық актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша енгізіледі

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағының, 25-бабының үшінші бөлігін және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес келтіру.

Қазақстан Республикасы 24.05.2018 № 156-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен қолданыстағы бұйрықтың кіріспесінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 18-тармақшасына сілтеме алып тасталды.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.

Сараптамалық қорытынды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы бұйрықтың жобасы (сілтеме:)  https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15508072 

Дата публикации
04 апреля 2025