Ақпараттандыру объектілерін, «электрондық үкімет» және сындарлы маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін сынақтан өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу жобасы бастапқы кодты талдау талаптарын күшейтуге, халықаралық стандарттарды (CWE, OWASP, CVE, NIST) кеңінен қолдануға және мемлекеттік жүйелер үшін құжатталмаған мүмкіндіктерді (НДВ) міндетті түрде анықтауға бағытталған. Бастапқы кодтар мен сынақ нәтижелерін сақтау үшін SYNAQ порталының пайдаланылуы бекітіледі. Қайта сынақтан өткізу рәсімдері, хаттамаларды сақтау мерзімі (3 жыл, ал сындарлы маңызды объектілер үшін – 1 жыл) және функционалдық өзгерістер немесе меншік құқығы өзгерген жағдайда қайта тексеру тәртібі жаңартылды. Уәкілетті органмен келісусіз бастапқы кодты талдаудан бас тарту мүмкіндігі алынып тасталды. Өзгерістер ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін арттыруға және тестілеу рәсімдерін бірыңғайлауға бағытталған.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес келтіру.
Жоба бойынша қаржылық шығындар талап етілмейді.
Бұйрық жобасы сараптамалық қоырытынды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15506108).