Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 169/НҚ бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені (бұдан әрі - жоба) бекіту туралы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің 2024 жылғы ақпандағы жаңа тәртібін енгізуге сәйкес әзірленді. Жобаның мақсаты ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынау актісін беру жөніндегі функцияны алып тастау болып табылады.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 44-VIII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 7-1 баптың 11-1) тармағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органның құзыретінен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша актіні беру алып тасталды. Бұл норма Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» қолданыстағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі талап етілмейді.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504552