Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Цифрлық технологияларды енгізу мақсатында «Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасының Заңның «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» іске асыру шеңберінде әзірленген.
Жобада ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салалары үшін қажетті цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының объектілерін байланыс қызметтерімен субсидиялау көзделген.
Жобада өндірістік процестерді оңтайландыруға, ресурстарды пайдалану тиімділігін, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету көзделеді.
Осы жоба шеңберінде ферманы басқару, атап айтқанда малды бақылау және санау, метеомониторинг, температура мен ылғалдылық мониторингі, дабыл аймақтарының дабылы, параллельді жүргізу жүйесі және автономды байланыс торабы, ауыл шаруашылығы процестерін қашықтықтан басқару үшін цифрлық шешімдерді дамытуға ықпал ете алатын IoT (NB-IoT, LoRaWAN және т.б.) шешімдерін пайдалану көзделеді, өндірістік объектілерде желілерді орналастыру, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы цифрлық оңтайландыру жөніндегі басқа да кешенді шешімдер қолданылатын болады.