Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 4-баптың 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеуді жүргізіп жатыр. Цифрлық майнинг пулын аккредиттеу рәсім болып табылады, соның нәтижесінде цифрлық майнинг пулы өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін ресми тануға ие болады.
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағына сәйкес цифрлық майнинг жөніндегі қызметті цифрлық майнер цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асырады. Заңның 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Аккредиттелген цифрлық майнинг пулдары: