Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.

       Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;

      2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

  1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев



Дата публикации
02 марта 2023