Осы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрi – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес қызметiн және қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.