2020 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Конкурс комиссиясының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс (бұдан әрі – Конкурс) нәтижесін шығару жөнінде қорытынды отырысы өтті.
Аталған отырыста Комиссия:
Кандидаттың болмауына байланысты, Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін үйлестіру басқармасының басшысы лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізілмеді деп жариялансын.