«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі және сипаттамаларында:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде:

«Медальдар» деген кіші бөлімде:

1-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:»;

«Төсбелгілер» деген кіші бөлімде:

10-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«10-1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

«Үздік байланысшы».»;

10-2 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«10-2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі:

«Ақпарат саласының үздігі».»;

«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – сипаттамалар)» деген бөлімде:

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің медальдары» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің медальдары»;

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы кіші бөлімшелермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің төсбелгісі»:

«Үздік байланысшы» төсбелгісі (61-қосымша)

«Үздік байланысшы» төсбелгісі ені бойынша диаметрі 30,6 мм шеңбер нысанында сары түсті металдан (жез) жасалады. Төсбелгіні дайындауда көгілдір, ақ, жасыл түсті эмальдар пайдаланылады.

Төсбелгінің беткі жағында ортасында ақ түстің аясында: жасыл түспен Қазақстан Республикасы картасының бедері, сары түспен телевизиялық мұнара және радиотолқынның шоғырланған шеңберлері бейнеленген. Төсбелгінің ортаңғы шеңберінде көгілдір түс аясында «ҮЗДІК БАЙЛАНЫСШЫ», «ҚАЗАҚСТАН» деген сары түсті жазулар орналасқан. Төсбелгінің сыртқы жиек шеңберінде радиалды бедерлі кетіктер салынған.

Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.

Төсбелгі визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы киімге бекітіледі».

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төсбелгісі»:

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (62-қосымша)

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 35 мм шеңбер нысанында алтын түсті металдан дайындалады.

Шеңбердің ішінде жайылған қағаз орама, қағазда қауырсын бейнеленген және ұлттық ою-өрнек орналастырылған. Төсбелгінің артқы жағындағы жиегінің бойымен алтын түстес реңкте "АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген жазу орналасқан. Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсі жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тік бұрышты тағанмен жалғанады.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес сипаттамаларға 61-қосымшасымен толықтырылсын.

сипаттамаларға 59 және 60-қосымшалары алып тасталсын;

осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес сипаттамаларға 61 және 62-қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                                   

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

Қаулы
Дата публикации
22 апреля 2019