Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
"Smart city" өңірлерін дамыту

Астананың және Ақмола облысы Ақкөл қаласының тәжірибесі бойынша халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын (денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қалалық шаруашылықты басқару және басқа да мәселелер) қамтитын "Smart city" жүйесін енгізу елдің барлық қалаларында кезең-кезеңмен жалғасатын болады. Бұл ретте "Smart city" жүйесін енгізу интеллектуалды бейнебақылау жүйесін құруға және көшелер мен азаматтардың көп келетін жерлерде тануға, жол қозғалысын бақылауға бағытталатын болады. Осы шаралар азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқиғаларға жедел ден қоюға бағытталған.

Қалаларды инновациялық және технологиялық дамыту

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасында анықталған географиялық, табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескеретін өңірлердің перспективалы бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын одан әрі дамыту және мамандануын тереңдету үшін негіз болуы керек.

Мәселен, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде екпін ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ететін және экспортқа бағытталған тиімді өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына, нысаналы шетелдік инвесторларды нысаналы тарту арқылы жарандық құн түзу тізбегіне енгізуге жасалатын болады, сондай-ақ салалық басымдық беруден нақты басым тауарларды анықтауға өту жүзеге асырылатын болады.

Ынталандыру шаралары басым деп таңдалған жоғары және орташа қайта бөлініс тауарларын өндірушілеріне ғана берілетін болады. Бұл ретте басым тауарлар, оларды өндіруге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновацияларды, адами капиталды, экономиканың креативті секторларын (жарнама және басқалар) жұмылдыруға байланысты, сыртқы конъюнктураның құбылуына неғұрлым аз ұшырайды.

Жаһандық құн түзу тізбегі жүйесіне Қазақстанды ілгерілету бойынша жұмыс алгоритмі отандық кәсіпорындарға, олардың тауар позицияларына инновациялылық және технологиялылық тұрғысын талдау жүргізуді болжайды. Трансұлттық корпорацияларды тартумен өңірлердегі ЕЭА және ИА әлеуеті барынша пайдаланатын болады.

 Өнеркәсіптің тамақ, химия, мұнай-газ химиясы, металлургия, фармацевтика, машина жасау және агрохимия сияқты салаларындағы өңірлердің мамандануымен және өнеркәсіптік әлеуетімен ұштастырылған республикалық маңызы бар шамамен 40 жобаны іске асыру көзделеді.

Ынталандырудың тікелей шараларынан басқа технологиялық реттеу, метрология, стандарттау, технологияларды, инновацияларды және цифрландыруды дамыту, индустриялық-инновациялық дамытуды талдамалық сүйемелдеу саласында да жүйелі шаралар қабылданатын болады.

Облыстарды олардың үлкен қалаларымен (облыс орталықтарымен) бірге одан әрі инновациялық және технологиялық дамыту әр түрлі факторлардың әсеріне тәуелді болады - бұл негізгі қорларды технологиялық жаңарту және жаңғырту, инновацияларды енгізу, ҒЗТКЖ шығындарын арттыру, патенттік белсенділік және басқалар. Қазіргі уақытта негізгі құралдарды жаңартудың коэффициенттеріне едәуір жоғары болуына қарамастан, негізгі құралдардың тозу деңгейі Маңғыстау (50,2%), Қызылорда (48,3%), Ақтөбе (42,5%), сондай-ақ Қарағанды (41,2%) облыстары сияқты өңірлерде жоғары деңгейде.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы