Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Цифрлық активтер индустриясы

Қазақстан Республикасы цифрлық активтер индустриясын белсенді түрде дамытып, нарық қатысушылары үшін ашық және теңгерімді жағдайлар қалыптастыруда. Елдің заңнамалық базасы цифрлық майнерлердің, цифрлық майнинг пулдарының және цифрлық активтер биржаларының қызметін реттейді.

2023 жылғы 6 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заң күшіне енді. Бұл Заңға сәйкес цифрлық активтер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып жіктеледі.

Қамтамасыз етілген цифрлық актив – қамтамасыз етілген цифрлық активке қойылатын талаптарға сәйкес келетін, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив.

Қамтамасыз етілмеген цифрлық актив – қамтамасыз етілген цифрлық активке қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін цифрлық актив.

 

Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің шығарылуы және айналымы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және айналысқа рұқсат береді, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

Қамтамасыз етілген цифрлық актив материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге (ақша мен бағалы қағаздардан басқа) құқықты куәландыруға, шығару туралы шешімі болуға, есеп айырысу ақша бірлігі немесе қаржы құралы болмауға, эмитент туралы деректерді қамтуға, ол құрылғанға дейін мүліктік және (немесе) зияткерлік құқықтарды растауға, сондай-ақ активтің немесе бағалы қағаздарға құқықтардың орнын ауыстыруды тіркеуге тиіс блокчейндегі мүлік.

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және айналысқа рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» Ақпараттық жүйесі арқылы жіберу қажет.

 

Цифрлық майнинг

Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызметке өтініш берушіге үш жыл мерзімге берілетін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерлері мен заңды тұлғаларына рұқсат етіледі.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті цифрлық майнер цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, аккредиттелген цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асырады.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия келесі кіші түрлерге сәйкес беріледі:

І кіші түр – меншігінде немесе заңды түрде деректер орталығы бар цифрлық майнер.

II кіші түр – деректер орталығына иелік етпейтін, бірақ оған өз жабдықтарын орналастыратын цифрлық майнер.

Цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеу, цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендердің (АБК) тізілімін жүргізу, сондай-ақ цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау (екі кіші түрі бойынша) жөніндегі мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жіберетін дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға көрсетіледі:

  1. Цифрлық майнингтік пулдарын аккредиттеу:
  2. Цифрлық майнингке арналған АБК цифрлық майнингке арналған АБК-нің тізіліміне (тізілімнен) қосу (Алып тастау):
  3. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия:

Лицензияланған цифрлық майнерлер мен аккредиттелген майнинг пулдарының өзекті тізбесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

 

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің шығарылуы және айналымы

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметі «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана жүзеге асырылады.

Цифрлық активтер биржаларына қойылатын талаптар және оларды АХҚО-да лицензиялау тәртібі АХҚО актілерімен айқындалады. Сондай-ақ АХҚО аумағында цифрлық активтермен қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің лицензиясын алған сауда алаңдарында цифрлық активтермен операциялар жасауға рұқсат етілді.

АХҚО аумағындағы цифрлық активтермен қызметке АХҚО қаржы қызметтерін реттеу Комитетінің лицензиясын алған компаниялардың тізілімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Ескерту: Сіз қолданыстағы биржалардағы қол жетімді құралдармен биржаның бетіне өту арқылы таныса аласыз.

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу Комитеті сауда-саттыққа жіберген цифрлық активтердің тізімін мына сілтеме бойынша зерделеуге болады.

 

Мемлекеттік органдар инновациялар мен реттеу арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, цифрлық активтер үшін тұрақты экожүйені құру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Документы
Ақпарат
25 августа 2026
2026 жылғы 24 тамыздағы лицензияланған цифрлық майнерлердің тізімі
Ақпарат
20 августа 2026
Аккредиттелген цифрлық майнингтік пулдардың тізімі
Ақпарат
28 июля 2026
2026 жылғы 24 шілдедегі лицензияланған цифрлық майнерлердің тізімі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Ресми майнер ретінде қалай тіркелуге болады? Қызметті қалай заңдастыруға болады?

«Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабардар ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 29 сәуірде тіркелген). 2022 жылғы сәуір № 27840) сізге цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы уәкілетті органды хабардар ету қажет.

Салықты одан әрі төлеу үшін заңдастыру бойынша қадамдық нұсқаулық. Клиент заңды тұлға, майнинг фермасын сатып алуға ниеті бар. Ол қандай әрекеттерден бастауы керек?

Майнингтік қызметке аумақты бөлуге қатысты Сізге жергілікті әкімдікке жүгіну қажет, ал ұлттық электр желісіне қосылуға техникалық шарттарды алу үшін «KEGOC» АҚ-ға сұрау салу немесе ҚР ЭМ энергиямен жабдықтау саласындағы уәкілетті органға жүгіну қажет.

Майнинг қызметін заңдастыруға қатысты келесілер туралы хабарлаймыз: цифров бойынша майнинг қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар, цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі «Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ережені бекіту туралы» № 146/НҚ бұйрығы негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында өтініш түрінде деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша жоспарланып отырған іс-шаралар туралы ақпарат береді.

Жеке тұлғалардың ЖК тіркеусіз, жеке меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі өзінің жер учаскесінде немесе жер учаскесінде жеке тұлға ретінде майнинг нысанын тіркеуге құқығы бар ма және не қажет?

Майнинг фермасының заңды жұмыс істеуі және салық міндеттемелерін уақтылы төлеу мақсатында жеке тұлғаларға жеке кәсіпкер ретінде майнинг қызметін жүзеге асыруды ұсынамыз.

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы