Электрондық цифрлық карталарды жасау

Бүгінгі таңда Қазақстанда ел аумағын картаға түсіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Электрондық цифрлық карталар әртүрлі масштабтағы мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып отыр. Қай жерде және қандай нысан орналасқанын білу үшін мақсатты жұмыс жүргізіледі: ауадан аэротүсірілім жүргізуден бастап электронды картаға ақпарат енгізуге дейін. Осы жұмыстардың нәтижелері жалпы мемлекеттік маңызға ие және елдің экономикасының, қорғанысының және ұлттық қауіпсіздігінің барлық салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Республикада жер бетіндегі нүктелердің координаттары мен биіктіктерін өлшеумен айналысатын, содан кейін картографиялық туындылар жасайтын уәкілетті орган белгіленген.
Дайын картографиялық өнімді www.nkgf.kz Ұлттық кеңістік деректер қорының сайтында қолжетімді режимде, сонымен қатар мемлекеттік органның сұрауы бойынша алуға болады. Бұл бөлу масштабқа байланысты: 1:100 000 масштабтан жоғары карталар, яғни ауқымды карталар жалпыға қол жетімді болып саналады. 1:100 000 масштабтан төмен карталар тек мемлекеттік органдарға ресми сұраныс бойынша беріледі.
Ашық тақырыптық карталар бойынша соңғы 3 жылда мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі карталар жасалды және жаңартылды:
-масштабы 1:25 000 000 «Әлемнің геологиялық картасы» оқу физикалық картасы;
-Қазақстан Республикасының масштабы 1:1 500 000 саяси-әкімшілік картасы;
-Абай, Жетісу, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының масштабы 1:1 000 000 тақырыптық картасы;
-Астана, Алматы және Шымкент қалаларының масштабы 1:25 000 тақырыптық жоспарлары.
Бұдан басқа, масштабы 1: 2 000 жоспарлар жасалды және жаңартылды, оның ішінде: 1 астана – Астана, 2 республикалық маңызы бар қалалар (Алматы, Шымкент), 17 облыс орталықтары (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Талдықорған, Тараз, Уральск, Өскемен, Түркістан, Семей, Қонаев, Жезқазған), 29 шағын қалалар (Қазалы, Арал, Макинск, Ақкөл, Ерейментау, Арыс, , Үшарал, Есік, Қаскелен, Сарқанд, Жаркент, Талгар, Алға, Қандыағаш, Темір, Эмба, Жем, Шалқар, Үштөбе, Аягөз, Зайсан, Шар, Шардара, Тобыл (Затобольск), Сарыағаш, Шемонаиха, Жетысай, Ленгер, Шу), 81 аудан орталықтары (БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Алматы, Жетісу, Қызылорда, ШҚО, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстары), 760 ауыл елді мекендері (Қостанай, Алматы, Қызылорда, Түркістан, ШҚО, Жамбыл, Павлодар облыстары).
Субъектілер
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Астана қ., Мәңгілік Ел 20 даңғылы, тел: +7 7172 24 86 66) кәсіпорын құрылымында 11 филиал бар:
- «Астанагеодезия» филиалы, мекен-жайы: Астана қ., Желтоқсан 25 көшесі, Тел: +7 7172 24 83 48;
- «Солтүстікгеодезия» филиалы, мекен-жайы: Көкшетау қ., Мәлік Ғабдуллин 131 көшесі, Тел: +7 7162 32 91 89;
- «Орталықгеодезия» филиалы, мекен-жайы: Қарағанды қ., Чкалов 8 көшесі, Тел: +7 7212 21 45 77;
- «Шымкентгеодезия» филиалы, мекен-жайы: Шымкент қ., Ө. Жолдасбеков 73 көшесі, Тел: +7 7252 39 70 05;
- «Шығысгеодезия» филиалы, мекен-жайы: Семей қ., Ғабдулла Тоқай 32 көшесі, Тел: +7 7222 56 94 62;
- «Оңтүстікгеодезия филиалы, мекен-жайы: Тараз қ., Желтоқсан 30А көшесі, Тел: +7 7262-50 50 02;
- «Батысгеодезия» филиалы, мекен-жайы: Ақтөбе қ., 101 Стрелковой бригады 2/4 көшесі, Тел: +7 7132 51 00 36;
- «Алматыгеодезия» филиалы, мекен-жайы: Алматы қ., Абай 111 көшесі, Тел: +7 7273 38 42 90;
- «Атыраугеодезия» филиалы, мекен-жайы: Атырау қ., Азаттық 96 Б даңғылы, Тел: +7 7122 30 40 00;
- «Республикалық картографиялық фабрика» филиалы, мекен-жайы: Алматы қ., Жайсан 11 көшесі, Тел: +7 7273 30 98 04;
- «Ұлттық кеңістіктік деректер қоры» филиалы, мекен-жайы: Алматы қ., Есенберлина 36 көшесі, Тел: +7 (727) 226 73 04.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықІске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруАэротүсірілім жұмыстарын жүргізу үшін сілтеме бойынша өтіп, www.elicense.kz порталда өтінім беру қажет. Қызмет заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тегін және қолжетімді.Қызмет көрсету мерзімі - өтініш берген күннен бастап 25 жұмыс күні. Өтініммен қатар талап етілетін құжаттардың толық пакетін жүктеу маңызды, әйтпесе қызмет көрсетуден бас тартылады. Егер сұрақтар туындаса, 8 (7172) 74-91-06 телефоны бойынша хабарласыңыз.
