Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын демаркациялау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын демаркациялау

Қазақстан Республикасы бес мемлекетпен шектеседі: Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы. Мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 13398 км құрайды. Осы елдердің әрқайсысынан мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы жасалған шарттардың негізінде бірлескен шекаралардың ұзындығы анықталды: Ресей Федерациясымен – 7548 км, Қырғыз Республикасымен – 1257 км, Түрікменстанмен – 459 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351 км, Қытай Халық Республикасымен – 1783 км.

Қытай Халық Республикасымен, Түрікменстанмен, Қырғыз Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекараны демаркациялау аяқталды.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында демаркациялық жұмыстар жоспарлы режимде жалғасуда, Қазақстан тарапы 7250 км ұзындықта 5250 шекаралық бағана орнатты. Бүгінгі күні далалық демаркациялық жұмыстар Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының шекара учаскесінде (жету қиын тау учаскелері) жүргізілуде.

2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы хаттамаға сәйкес мемлекеттік шекара сызығының жай-күйін тиісінше қолдау мақсатында Тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын алғашқы бірлескен тексеруге кірісті.

 

Демаркация қалай жүргізіледі

Қазақстанда демаркация мәселелерімен далалық демаркациялық жұмыстарды жүргізетін «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Алдымен жергілікті жердің топографиялық түсірілімі немесе аэрофототүсірілімі жүргізіледі,одан кейін шекаралық белдеудің ірі масштабты топографиялық картасы жасалады. Содан кейін шекара белгілері (бағаналар, сым қоршаулары және т.б.) орнатылады және олардың топографиялық (геометриялық) координаттары анықталады. Барлық жұмыстардың нәтижелері шекара сызығының өту және шекара белгілерінің сипаттамасы бар хаттамаларға енгізіледі. Оларға осы белгілердің схемалары мен фотосуреттері қоса беріледі. Шекара белгілерін еркін жылжытуға болмайтыны маңызды, шекаралас мемлекеттер олардың жай-күйін бақылауға міндетті.

Іске асырылып жатқан жобалар

Бағыт бойынша барлық жоба

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу үшін сілтеме бойынша өтіп, www.elicense.kz порталда өтінім беру қажет. Қызмет заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тегін және қолжетімді.Қызмет көрсету мерзімі - өтініш берген күннен бастап 25 жұмыс күні. Өтініммен қатар талап етілетін құжаттардың толық пакетін жүктеу маңызды, әйтпесе қызмет көрсетуден бас тартылады. Егер сұрақтар туындаса, 8 (7172) 74-91-06 телефоны бойынша хабарласыңыз.