«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ

Қызмет

2004 жылы құрылған Орталық Қазақстанның «KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің операторы болып табылады және «KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды жүзеге асырады.

Жүйе тікелей «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс ғарыш аппараттарын, сондай-ақ Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында орналасқан алғашқы қазақстандық ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесін – «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығын, сонымен қатар Алматы облысында орналасқан байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік кешенін – «Көктөрек» ғарыштық байланыс орталығын қамтиды.

«РҒБО» АҚ Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің телекоммуникация операторларына, мемлекеттік органдары мен жеке компанияларына цифрлық телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету, деректерді беру және корпоративтік жерсеріктік байланыс желілерін құру мақсатында «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын ұсынады.

Орталық көрсететін қызметтер тізбесіне «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын ұсыну және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету қызметтері, сондай-ақ технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлері (Last mile, Co-location, Pre-hubbing, технологиялық инфрақұрылымды ұсыну қызметі) кіреді.

 

Басшысы: Басқарма төрағасы - Жуйриктаев Малик Куанышбекович

Мекенжайы:

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Жібек жолы көшесі, құрылыс 16

Нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 0100000, Астана қ., Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 14/3

Веб-сайт: rcsckz

Байланыс телефондары: + 7 (7172) 57-81-01