«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
2016 жылы тіркелген Корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысады. Тізілімде бар 740 Мемлекеттік қызметтің ішінде компания қазіргі уақытта 635 қызмет көрсетеді, бұл 85,58% құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанда қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға жайлы қызмет көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған 329 ХҚКО жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары (Арнайы ХҚКО) ашылды. Онда азаматтар жүргізуші куәлігін алып, өз автокөлігіне мемлекеттік нөмірлік белгілерді және т. б. ала алады. Бүгінгі күні Қазақстанда 23 Арнайы ХҚКО жұмыс істейді (оның 16-сы автодроммен жабдықталған).
Сонымен қатар, цифрлық даму бағдарламасын қолдау мақсатында республикада 17 Цифрлық қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылған, онда әрбір қазақстандық электрондық үкімет порталымен жұмыс істеуге және мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға үйрене алады.
Басшы: Басқарма Төрағасы - Әбділдин Сүйеніш Төлеуханұлы.
Мекен жайы: Астана қ., Керей-Жанибек хандар даңғылы, 4
Байланыс телефондары: 8 (7172) 95-50-38 (ішкі. 240, 262, 397), 8(7172) 55-21-00 (ішкі. 10424)
Веб-сайт: gov4c.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ 2020 жылғы қызметі туралы