АО «Национальная компания «Қазақстан Ғарыш Сапары»
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ - ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау саласында қызмет атқаратын ұлттық компания. Компания Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту және ғарыштық технологияларды экономиканың түрлі салаларына енгізу мақсатында құрылған.
Компания қызметінің негізгі бағыттарына Жерді қашықтан зондтау деректерін алу және өңдеу, ғарыш инфрақұрылымын дамыту, Жерді қашықтан зондтау және байланыс ғарыш жүйелерінің құру және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға геокеңістіктік деректер мен аналитикалық шешімдер ұсыну кіреді.
Компания отандық ғарыштық технологияларды дамытуға, табиғи ресурстарды, ауыл шаруашылығын, жер учаскелерін және инфрақұрылым нысандарын мониторингтеу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге үлес қосады.
Басшысы: Басқарма төрағасы - Кайыржан Ерсайынович Кожаев
Мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 89, Ұлттық ғарыш орталығы
Байланыс телефоны: 8 (7172) 76-94-11
Веб-сайт: gharysh.kz