"Инфракос" ШЖҚ РМК

Қызмет

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қызметі туралы қысқаша мәлімет:

«Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Байқоңыр» кешенінің Қазақстан Республикасына тиесілі, Ресей Федерациясына жалға берілмеген және жалға беру құрамынан шығарылатын объектілерінің сақталуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, зымыран-ғарыш қызметінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін бағалау, болжау және оны азайту жөнінде ұсынымдар әзірлеу жұмыстарын жүргізеді.

Бірінші басшысы: Коптилеуов Назар Жалгасович, бас директор.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Байқоңыр қаласы, Мир көшесі, 13А.

Байланыс телефоны: 8 (33622) 7-74-12.

Электрондық пошта: post@infracos.kz.

Ресми сайты: https://infracos.kz/