"Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ

Қызмет

Министрліктің ресми сайтында орналастыруға арналған «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы туралы ақпарат «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы («ҰҒЗТО» АҚ) - ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғарыш саласы үшін ғылыми-техникалық шешімдерді әзірлейтін және енгізетін ғылыми-зерттеу ұйымы.

Қоғам қызметінің негізгі бағыттары ғарыштық техника мен технологиялар, ғарыштық материалтану, Жерді қашықтықтан зондтау, экологиялық мониторинг, төтенше жағдайлар мен ауыл шаруашылығы мониторингі болып табылады. Сонымен қатар, Қоғам ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға және аэроғарыш саласындағы отандық ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға қатысады.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі мақсаты — ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

«ҰҒЗТО» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 38 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес, Қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен акционерлік қоғам нысанында құрылған.

«ҰҒЗТО» АҚ құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Қазақстан Republicсы Үкіметінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 659 «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес «ҰҒЗТО» АҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (Жалғыз акционер) жүзеге асырады.

Бірінші басшы Партизан Гүлмайра - «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

«ҰҒЗТО» АҚ заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15-үй

Байланыс телефоны: +7 (727) 338-42-26

Электрондық пошта: nckit@spaceres.kz

Ресми сайт: https://spaceres.kz/