"Бәйтерек" АҚ

Қызмет

2005 жылы құрылған Компания «Байқоңыр» ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымы негізінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жөніндегі бас оператор болып табылады. Ел үшін аса маңызды бұл жоба Қазақстанға ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылып жатқан кешен жаңа буынның экологиялық қауіпсіз орта класты «Союз-5»/«SUNKAR» зымыран-тасығышын ұшыруға арналған. Бұл заманауи ұшыру технологиялары мен зымыран жасау саласындағы маңызды технологиялық серпіліс болып табылады.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» жобасы ұлттық ғарыш саласының дамуына серпін беріп, отандық білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға ықпал етеді деп күтілуде.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:

  • «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешенінің қолданыстағы объектілерін күтіп-ұстау және пайдалану;
  • «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру, оның ішінде техникалық және старттық кешендерді, персоналды оқыту-жаттығу құралдарын және басқа да объектілерді құру;
  • Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-тасығыштардың бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын пайдалану;
  • коммерциялық ғарыш аппараттарын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен, халықаралық және ұлттық ғарыш бағдарламалары мүддесінде ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер көрсету.

Басшысы: «Бәйтерек» БК» АҚ Басқарма төрағасы — Айымбетов Айдын Ақанұлы.

Мекенжайы: 010005, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жәнібек Тархан көшесі, 6/1-үй, 10-кіреберіс.

Веб-сайт: https://bayterek.kz/

Байланыс телефоны: +7 (7172) 28-06-01

Электрондық пошта: bayterek@bayterek.kz