Жобалық басқару саясаты департаменті

Департамент жобалық басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруында; мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқарудың әдіснамасы мен нормативтік құқықтық негізін дамытуды жүзеге асыруында; жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру мен оны мемлекеттік басқаруға енгізуінде қатысады.

Сонымен қатар Департамент өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыртып өткізіледі, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелері, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандары тартылады.

Бұдан басқа жобалық басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін әзірлеу және бекіту; мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқаруды дамыту бойынша әдіснамалық ұсынымдар әзірлеу; жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқару жөніндегі стандарттарды әзірлеуге қатысу; жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеуге және дамытуға қатысу; мемлекеттік органдардың жобалау персоналын басқару жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыстың әдістемелік бөлігі болып табылады.

Департаменттің құзыреттілік саласына «Qazaqstan Project Management Awards» жобалық басқару бойынша жыл сайынғы ұлттық конкурс өткізуді қамтамасыз ету; Департамент қызметі шеңберінде іске асырылатын жобаларға қатысуды және оларға басшылықты жүзеге асыруды; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындау; бастамаларды, жобаларды, бағдарламаларды, оның ішінде ұлттық жобаларды, мемлекеттік органдардың портфельдерін басқару жөніндегі процестердің жобалық басқару әдіснамасына сәйкестігін қамтамасыз ету; ұлттық жобалау кеңсесінің құрамында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың жобалау кеңселерінің қызметін үйлестіру және сүйемелдеу; білім беру және қоғамдық ұйымдар және жобалық басқару жөніндегі мамандардың кәсіптік қоғамдастықтары арқылы жобалау персоналының құзыреттілік деңгейін арттыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету кіреді.