Заң департаменті
Заң департаменті норма шығармашылығымен, заң сараптамасымен, Министрліктің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің қызметін ұйымдастырумен, сондай-ақ ведомствоның қызметін құқықтық қамтамасыз етумен айналысады.
Нормашығармашылық және заң сараптамасы бойынша бағыт шеңберінде бөлімше сарапшылары нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді үйлестіреді. Департамент заң жобалары бойынша ұсыныстар дайындаумен айналысады және ҚР Парламентінде заң жобаларын өткізу процесіне қатысады.
Министрлік қызметінің заңдылығы мен құқықтық қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етумен қатар, бөлімше сарапшылары талап-арыз жұмысымен де айналысады. Атап айтқанда, Департамент сотта Министрліктің мүддесін білдіреді және қорғайды, сот актілеріне шағымдану бойынша шаралар қабылдайды және заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.