2023 жылғы 5 қаңтарда «АрселлорМиттал» Теміртау АҚ аумағында химиялық ұстағыш бөлімшесінің 2-қаңылтыр прокаттау цехында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысында «Мартенстрой» ЖШС мердігерлік ұйымының қызметкері электр тоғының соғуына ұшыраған.
Зардап шегуші есін жимастан, медицина қызметкерлерінен алғашқы көмек көрсету кезінде қайтыс болды.
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен оқыс оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.