ҚР МСМ Тіл комитеті Лингвистикалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, № 04-01, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне - 2020 жылғы 15 желтоқсан)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тарих
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуы және Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара ықпалдасу және оларға кеңестік қызмет көрсету;  жетекшілік ететін бағыты бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру және әзірлеуге қатысу; мемлекеттік тілдің терминологиялық қорын толықтыруға, жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу; қазақ терминологиясы бойынша ақпараттық-талдау баяндамалар әзірлеу; Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік органдар мен мекемелердің Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынған терминдеріне лингвистикалық сараптама қорытындысын алу жұмыстарын ұйымдастыру; Республикалық терминология комиссиясы отырыстарына материалдар, шешім жобаларын әзірлеу және хаттамаларын ресімдеу; терминология мәселесі бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, түркі елдерімен шығармашылық байланыс орнату; «Терминологиялық хабаршы» бюллетенін шығаруды ұйымдастыру; терминологиялық салалық жұмыс топтарымен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара ықпалдасу; «Тіл және қоғам» альманахының шығаруды ұйымдастыру; тіл мәдениетін жетілдіру және орфография мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу; Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстарды жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; өз құзыреті шегінде комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; өз құзыреті шегінде өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға жауаптар әзірлеу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және  құжаттарды қалыптастыру; басқарма шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.02.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.03.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат, «А» блогы, 246-кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

(7172)74-11-01, 74-03-42