Құқықтық және геральдикалық қызмет басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен, Республикалық құқықтық ақпарат орталығының электронды ақпараттық – құқықтық  жүйесі «Заң» деректер базасымен жұмыс істей білуі.

Функционалды міндеттер

комитеттің мәселелеріне қатысты министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу; комитет құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; комитет қызметінің заңдылығын  сақтау және оның құқықтық мүддесін қорғауды қамтамасыз ету; комитетте әзірленетін бұйрықтың, нұсқаулықтың, ереженің, стандарттардың жобаларын және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың құқықтық сараптамасын жүзеге асыру, оларға бұрыштама қою және қажет болған жағдайда сол құжаттарды әзірлеуге қатысу; заңнама бұзушылықпен әзірленген актілерді өзгерту немесе күшін жою бойынша шаралар қолдану; заңнаманы түсіндіру және оны қолдану тәртібін ұйымдастыруда құқықтық қызметтің әдістемелік басқаруын қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелердің талап ету жұмыстарында құқықтық көмек көрсету, сотқа қажетті материалдарды әзірлеу және енгізу; сотта, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық мекемелерде құқықтық мәселелерді қарау кезінде комитет мүддесін білдіру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау; заңнама талаптарына сәйкес келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді іске асыру; еңбек шарттарының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау; комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құқықтық сұрақтарына кеңес беру; комитеттің ережесін әзірлеу; ведомстволық бағынысты ұйымның жарғысын әзірлеуге қатысу;   нормативтік құқықтық актілердің дерекқорын (тізілімдер, тізімдер) жүргізу; құқықтық сұрақтар бойынша аналитикалық ақпараттар және анықтамалар дайындау; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; кіріс және шығыс хаттарын тіркеу, есепке алу, сақтау және ағымдағы іс-жүргізудің құжаттарын, оның ішінде, басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін тиісінше құрылымдық бөлімшелерге өткізу, істерді  қалыптастыру және оны сақтауға тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру; комитет қызметшілерін құжаттама ережелері мен құжаттаманы басқару нұсқаулықтарымен таныстыру; қызметтік құжаттардың басылуы және көбейтілуін қамтамасыз ету; комитеттің бақылаудағы құжаттарының орындалу барысы туралы күнделікті ақпараттарды, сонымен қатар орындаушылық тәртібіне қатысты аппараттық кеңестерге анықтамаларды дайындау; жеке және заңды тұлғалар мен басқа да ұйымдардың өтініштері бойынша, жоғары тұрған және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен хаттардың орындалу мерзіміне бақылау жасау; құжаттардың орындалу барысын және дұрыс рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  қарау бойынша Бас прокуратураға есептер дайындау; комитеттің іс номенклатурасын әзірлеуге қатысу; комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарын мұрағатқа өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жетекшілік ететін бағыт бойынша комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау жұмыстарын жүргізу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және  құжаттарды қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2020 – 06.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.05.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат, «А» блогы

Анықтама алу үшін байланыс

(7172)74-03-42