Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№ 02-02).
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Лингвистика
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жүзеге асыру; Министр өткізетін аппараттық кеңестерге, алқа мәжілістеріне, министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға комитеттің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп баяндама жобаларын, басқа да қажетті материалдар дайындау; тіл саласының өзекті мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындау; тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу; тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; тілдерді дамыту және қолдану аясын кеңейту барысында мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру; Мемлекеттік бағдарламаны және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу; бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру; Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы жыл қорытындысы бойынша талдамалы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіретін уәкілетті органға енгізу және сүйемелдеу; Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдауға арналған құжаттар топтамасын әзірлеу; орталық және жергілікті атқарушы органдарда Мемлекеттік бағдарламаның тиісті тармақтарының орындалуы туралы тоқсандық қорытындысы бойынша жиынтық талдау ақпарат әзірлеу және ҚР Парламентіне енгізу; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына кіретін көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесін әзірлеуге қатысу; Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша мемлекеттік және мүдделі органдармен жұмыстар жүргізу; Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстарды жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; аумақтық даму бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу; Үкіметтің отырыстарына, министрліктің, комитеттің алқа мәжілістеріне, басқа да жиналыстарға тілдерді дамыту, оқытудың жаңа технологиялары мәселелері бойынша талдау материалдарын әзірлеу; өз құзыреті шегінде өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға жауаптар әзірлеу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.07.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат
-
(7172)74-01-84