Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№ 02-01).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Лингвистика
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Әдебиеттану

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жүзеге асыру; Министр өткізетін аппараттық кеңестерге, алқа мәжілістеріне, министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға комиттеттің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп баяндама жобаларын, басқа да қажетті материалдар дайындау; тіл саласының өзекті мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындау; комитеттің жоспарлық және оперативтік жұмысы бойынша жинақтау/талдау есептерін және өзге де ақпараттық талдау материалдарын әзірлеу; тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу; тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; тілдерді дамыту және қолдану аясын кеңейту барысында мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру; министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын жүзеге асыру бойынша есептер әзірлеу; мемлекеттік және Қазақстан халқы тілдерін оқытудың өзекті мәселелері бойынша мониторинг жүргізу және ақпараттық-талдамалы материалдар дайындау; комитеттің мәселелеріне қатысты министрліктің операциялық жоспарын жүзеге асыру бойынша есептер  әзірлеу; мемлекеттік тіл және Қазақстан халқы тілдерінің дамуы мен қолданылуы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және  халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдасу жұмыстарына қатысу;  Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстарды жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; өз құзыреті шегінде өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға жауаптар әзірлеу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және  құжаттарды қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.06.2021 – 25.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.06.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат

Анықтама алу үшін байланыс

(7172)74-01-84