Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы (С-3 санаты, № 02, 1 бірлік).
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Лингвистика
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты, қаржылық-экономикалық қызмет салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жүзеге асыру; басқарма қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу; комитет қызметін жоспарлауға қатысу; басқарманың жоспарларын әзірлеу және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; басқарма ережесін, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; комитеттің мәселелеріне қатысты министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу; аумақтық даму бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу; Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау; Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде жинақтық талдамалық ақпарат, баяндамалар дайындау; Министр өткізетін аппараттық кеңестерге, алқа мәжілістеріне, министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға комитеттің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп баяндама жобаларын, басқа да қажетті материалдар дайындауды ұйымдастыру; тіл саласының өзекті мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік бағдарламаны және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру; Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы жыл қорытындысы бойынша талдамалы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жүйесін үйлестіретін уәкілетті органға енгізу және сүйемелдеу жұмыстарын қамтамасыз ету; Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдауға арналған құжаттар топтамасын әзірлеуді үйлестіру; басқарма құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; өз құзыреті шегінде комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, министрліктің, комитеттің алқа мәжілістеріне, басқа да жиналыстарға материалдар дайындауды ұйымдастыру; басшылыққа басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; комитеттің алдына қойылған жалпы міндеттерді шешуге атсалысу; басқармада еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету; басқармаға келіп түскен тапсырмалар мен құжаттар бойынша жұмысты үйлестіру және олардың сапалы және уақтылы орындалуына бақылау жасау; өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға жауаптар әзірлеу; басқармадағы жетекшілік ететін комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау бағыттары бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау; басқарма қызметшілерінің қызмет тиімділігін бағалауды жүргізу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; өз саласы бойынша ақпараттық технологияларды қолдану және қызметін автоматтандыру (цифрландыру) бойынша жұмыстарды жүргізу (қажет болған жағдайда); өз құзыреті шегінде «Ашық деректер» порталына келіп түскен өтінімдерге уақытылы жауап беру және орналастыру үшін ашық деректер тізбесін қалыптастыру; комитеттің іс номенклатурасын әзірлеуге қатысу; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және басқарма бойынша құжаттардың уақытылы қалыптастырылуын бақылау; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.06.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат
-
(7172)74-01-84