Тіл заңнамасының сақталуын бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (05-01).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқық бойынша заңнама нормаларын білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесімен жұмыс істеу білуі.

 

Функционалды міндеттер

құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау; заңнама талаптарына сәйкес келісуге ұсынылған  нормативті-құқықтық актілерге сараптама жүргізуді іске асыру; комитет құзыретіне жататын сұрақтар бойынша нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; комитет құзыретіне жататын сұрақтарды  шешу бойынша нормативті-құқықтық актілерді қолданудың әдістемелік нұсқаулығын дайындау; еңбек шарттарының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау; комитеттің әкімшілік бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу және өз құзыреті шегінде оларды өткізу үшін дайындалатын конкурстық құжаттарды қарау; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құқықтық сұрақтарына кеңес беру; комитеттің ережесін әзірлеу; ведомстволық бағынысты ұйымның жарғысын әзірлеуге қатысу;  басқа органдарда құқықтық сипаттағы сұрақтарды қарастыру кезінде комитет мүдделерін білдіру; жетекшілік ететін бағыт бойынша комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау жұмыстарын жүргізу; мониторинг, нормативтік-құқықтық актілердің дерекқорын (тізілімдер, тізімдер) жүргізу; құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, сондай-ақ басқа органдарда комитеттің мүддесін қорғау және құқықтық мәселелер бойынша құжаттар әзірлеу; құқықтық сұрақтар бойынша аналитикалық ақпараттар және анықтамалар дайындау; басқарманың  жоспарын, желілік жұмыс кестесін және есебін дайындауға қатысу; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзу бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды және комитет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу; «Ашық НҚА» порталында жария талқылау процесін қадағалау және келіп түскен түсініктемелерді уақытылы қарау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде комитеттің істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды уақытында қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2021 – 15.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.06.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат

Анықтама алу үшін байланыс

(7172)74-01-84