Салааралық үйлестіру басқармасының басшысы (С-3 санаты, № 07, 1 бірлік, негізгі қызметшінің жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болу кезеңіне - 2021 жылғы 8 тамыз)
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты, қаржылық-экономикалық қызмет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, еңбек заңнамасының салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 1С бухгалтерия бағдарламалық жасақтамасымен, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесімен жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
басқарма қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу; комитет қызметін жоспарлауға қатысу; басқарманың жоспарларын әзірлеу және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; басқарма ережесін, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; комитеттің мәселелеріне қатысты министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын мақсатты, тиімді пайдалануын бақылау; қолданыстағы бюджет заңнамаларына сәйкес қаржылық қызметтерін ұйымдастыру және бақылау; бюджеттің орындалуы жөніндегі комитеттің тоқсандық, жылдық есебін жасау; комитеттің қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылау және талдау; комитеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерді жасау және жасауды бақылау; «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асыру; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік сатып алу жөніндегі құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен комитеттің мүдделерін білдіру; «Ашық бюджеттер» порталына уақытылы ақпарат беру; өз саласы бойынша ақпараттық технологияларды қолдану және қызметін автоматтандыру (цифрландыру) бойынша жұмыстарды жүргізу (қажет болған жағдайда); өз құзыреті шегінде «Ашық деректер» порталына келіп түскен өтінімдерге уақытылы жауап беру және орналастыру үшін ашық деректер тізбесін қалыптастыру; комитеттің кадрлық жұмысын және іс қағаздарын жүргізуді үйлестіру және бақылау; басқарма құзыретіне кіретін кіріс және шығыс құжаттардың мерзімінде орындалуына бақылау жасау; жетекшілік ететін бағыт бойынша комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау жұмыстарын жүргізу; басқарма қызметшілердің қызмет тиімділігін бағалауды жүргізу; жетекшілік ететін мәселелері бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; комитеттің тапсырысы бойынша іске асырылатын жобалардың орындалу мерзімін бақылау; комитеттің іс номенклатурасын әзірлеуге қатысу; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және басқарма бойынша құжаттардың уақытылы қалыптастырылуын бақылау; басқармада еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс
-
телефон: (7172)74-01-84