Әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне - 2021 жылғы 22 тамыз)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты, мемлекеттік қызмет, еңбек заңнамасының салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметшілерді қабылдау және жұмыстан босату құжаттарын рәсімдеу; қызметшілердің еңбек өтілі бойынша есебін жүргізу; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізуді ұйымдастыру; еңбек шарттарын жасау; конкурстық комиссия құжаттарын, бұйрықтары мен хаттамаларын рәсімдеу; аттестациялау комиссиясының, еңбек өтілін белгілеу комиссиясының, тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Комитеттің кадрлық құрамы туралы статистикалық және «Персоналды басқару» бағыты бойынша есептер әзірлеу; жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданғандардың құжаттарын арнайы тексеру үшін дайындау; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Ант беру рәсімін ұйымдастыру; Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын басшыларының жеке істері мен еңбек кітапшаларын есепке алу және олардың сақталуына дербес жауапкершілік ету; әскери есеп жұмыстарын жүргізу; жетекшілік ететін бағыт бойынша Комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау жұмыстарын жүргізу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде Комитеттің Істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды уақытында қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.11.2020 – 23.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.11.2020

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77028039988