Геральдикалық қызмет басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты және мемлекеттік рәміздер саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасынбілу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның, сараптама кеңесінің жұмысына материалдар әзірлеу; мемлекеттік рәміздер жөніндегі өңірлерге шығу инспекциясының жұмысына қатысу; мемлекеттік рәміздердің авторларымен өзара қарым-қатынас жасау; орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану саласындағы ақпараттық-анықтамалық және әдістемелік материалдарды әзірлеу; республикалық комиссия отырыстарының хаттамалық шешімдерін орындауды қамтамасыз ету және қорытынды есептік ақпаратты әзірлеу; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; өз құзыреті шегінде комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; жетекшілік ететін мәселелері бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; Комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және  құжаттарды қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.11.2020 – 13.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.11.2020

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77758083636