Тіл саясаты басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№ 03-01, 1 бірлік, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін, мерзімі: 2021 жылғы 5 қаңтар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; басқарма Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру; республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің лингвистикалық ағарту кешендері (жексенбілік мектептер) арқылы ұлттық тілдер мен мемлекеттік тілді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстарын үйлестіру; Комитеттің мәселелеріне қатысты Министрліктің операциялық жоспарын жүзеге асыру бойынша есептер  әзірлеу; мемлекеттік тіл және Қазақстан халқы тілдерінің дамуы мен қолданылуы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және  халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдасу жұмыстарына қатысу;  ұлттық-мәдени бірлестіктердің лингвистикалық ағарту кешендері (жексенбілік мектептер) оқытушыларына оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру; этнос тілдерінің дамуы мен қолданылуы туралы  талдау ақпарат әзірлеу және ұсыныстар енгізу;  үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) білім беру мәселелеріне қатысты жұмыстарды үйлестіру; Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстарды жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру; Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара байланыс және оларға кеңестік қызмет көрсету; басқарма құзыреті шегінде министрліктің интернет ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялауды қамтамасыз ету; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; өз құзыреті шегінде Комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; өз құзыреті шегінде өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға жауаптар әзірлеу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; Комитеттің Істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және  құжаттарды қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.10.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.10.2020 – 23.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.10.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат, «А» блогы, 246-кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

87172-47-11-01