Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы (С-3 санаты, № 08, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне - 2020 жылғы 10 қазан).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін, қоғамдық қатынастарды және ішкі саяси үрдістерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқық бойынша заңнама нормаларын білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

басқарма қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу; Комитет қызметін жоспарлауға қатысу; басқарманың жоспарларын әзірлеу және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету (ай сайын 30-күнге Әкімшілік жұмыс басқармасына (жинақ үшін) атқарылған жұмыс туралы есеп беру); басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; басқарма ережесін, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; Комитеттің мәселелеріне қатысты Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу; Комитет құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; басқармадағы жетекшілік ететін Комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау бағыттары бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау; басқарма қызметшілерінің қызмет тиімділігін бағалауды жүргізу; Комитет қызметінің заңдылығын  сақтау және оның құқықтық мүддесін қорғауды қамтамасыз ету; Комитетте әзірленетін бұйрықтың, нұсқаулықтың, ереженің, стандарттардың жобаларын және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың құқықтық сараптамасын жүзеге асыру, оларға бұрыштама қою және қажет болған жағдайда сол құжаттарды әзірлеуге қатысу; заңнама бұзушылықпен әзірленген актілерді өзгерту немесе күшін жою бойынша шаралар қолдану; заңнаманы түсіндіру және оны қолдану тәртібін ұйымдастыруда құқықтық қызметтің әдістемелік басқаруын қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелерге наразылық жұмысында құқықтық көмек көрсету, сотқа қажетті материалдарды әзірлеу және енгізу; сотта, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық мекемелерде құқықтық мәселелерді қарау кезінде Комитет мүддесін білдіру; құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау; заңнама талаптарына сәйкес келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді іске асыру; еңбек шарттарының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау; Комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құқықтық сұрақтарына кеңес беру; Комитеттің ережесін әзірлеу;ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғысын әзірлеуге қатысу; нормативтік құқықтық актілердің дерекқорын (тізілімдер, тізімдер) жүргізу; құқықтық сұрақтар бойынша аналитикалық ақпараттар және анықтамалар дайындау; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу; кадр және кеңсе жұмыстарын үйлестіру және бақылау; басшылықтың азаматтарды қабылдау кестесін әзірлеуге қатысу; өз саласы бойынша ақпараттық технологияларды қолдану және қызметін автоматтандыру (цифрландыру) бойынша жұмыстарды жүргізу (қажет болған жағдайда); сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды және Комитет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу; «Ашық НҚА» порталында жария талқылау процесін қадағалау және келіп түскен түсініктемелерді уақытылы қарау; Комитеттің Істер номенклатурасын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру және бақылау; басқарма құзыретіне кіретін кіріс және шығыс құжаттардың мерзімінде орындалуына бақылау жасау; Комитеттің Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде Комитеттің Істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және басқарма бойынша құжаттардың уақытылы қалыптастырылуын бақылау; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.07.2020 – 15.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.07.2020

Сұхбаттасу орны

город Нур-Султан, Левый берег, проспект Мәңгілік Ел, 8, Дом министерств, 15-й подъезд, 2-й этаж, блок «А»

Анықтама алу үшін байланыс

+77028039988