Әкімшілік жұмыстар басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, № 08-02, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті
Астана қаласы
-
- Педагогика және психология
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
кіріс және шығыс хаттарын тіркеу, есепке алу, сақтау және ағымдағы іс-жүргізудің құжаттарын, оның ішінде, басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін тиісінше құрылымдық бөлімшелерге өткізу, істерді қалыптастыру және оны сақтауға тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру; Комитет қызметшілерін құжаттама ережелері мен құжаттаманы басқару нұсқаулықтарымен таныстыру; қызметтік құжаттардың басылуы және көбейтілуін қамтамасыз ету; Комитеттің бақылаудағы құжаттарының орындалу барысы туралы күнделікті ақпараттарды, сонымен қатар орындаушылық тәртібіне қатысты аппараттық кеңестерге анықтамаларды дайындау; жеке және заңды тұлғалар мен басқа да ұйымдардың өтініштері бойынша, жоғары тұрған және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен хаттардың орындалу мерзіміне бақылау жасау; құжаттардың орындалу барысын және дұрыс рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша Бас прокуратураға есептер дайындау; Комитет басшылығының азаматтарды қабылдауы бойынша есептік ақпаратты дайындау (қабылданған азаматтардың тегі бойынша тізімі, көтерілген мәселелердің сипаты және қабылданған шешімдер); Комитеттің Іс номенклатурасын әзірлеуге қатысу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарын мұрағатқа өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Комитеттің аппараттық кеңес хаттамасын жүргізу және оның шешімдерінің іске асырылуын қадағалау; жетекшілік ететін бағыт бойынша Комитет қызметінің тиiмдiлiгін бағалау жұмыстарын жүргізу; Комитеттің барлық салалары бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты жинау, талдау, жинақтау және оларды Комитеттің басшылығына ұсыну; «Ашық диалог» порталы бойынша басшының блок-платформасын бақылау және өтінімдерді уақытылы қарау және интернет-конференцияны өткізуді ұйымдастыру; Комитеттің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың «Ашық деректер», «Ашық бюджет» порталдарын толтыруын бақылау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде Комитеттің Істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды уақытында қалыптастыру; өз құзыреті шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2020
- город Нур-Султан, Левый берег, проспект Мәңгілік Ел, 8, Дом министерств, 15-й подъезд, 2-й этаж, блок «А», кабинет 246
-
87028039988