«EMLE.KZ» ОРФОГРАФИЯЛЫҚ БАЗАСЫ
«EMLE.KZ» ОРФОГРАФИЯЛЫҚ БАЗАСЫ
«Emle.kz» сайты қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогында тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында ғалымдардың осы сала негізінде жазылған ғылыми мақалалары беріледі. Әрбір мақаладан кейін пікір қалдыратын орын болады. Сол арқылы оқырман автордың өзіне, мақаласына қатысты сұрақтар қойып, жауап алады. Оқырман онлайн режимінде орфографияға қатысты туындаған сұрақтарын қоя алады. Әрбір қойылған сұраққа білікті мамандардың көмегімен толыққанды жауап беріледі.