ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚУҒА АРНАЛҒАН "TILQURAL.KZ" САЙТЫ

«TILQURAL.KZ» - мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен үйренуге арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін меңгеруге ниеттеніп жүрген ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі.
Қосымшаны Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады. Сонымен қатар электронды оқулықтарды web-порталдан смартфонға жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.