Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Солтүстік Қазақстан облысы Тілдерді оқыту орталығының 10 жылдық мерейтойына орай «Тіл – татулық тұғыры» атты мерекелік кеш өтті.
Кештің мақсаты – орталықтың он жылдық қызметін қорытындылау, жетістіктерін саралау, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстарды дәріптеу, сондай-ақ тілдерді оқыту саласына үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау.
Мерекелік кешке облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ж. Сексенбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті басқармасының басшысы Қ. Рақымжанов, ҚР Құрылтай депутаты Е. Тоқшылық, еліміздің өңірлерінен келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Кеш барысында орталықтың он жыл ішінде атқарған жұмыстары мен жетістіктері таныстырылып, өңірде тіл үйренуге қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар мемлекеттік тілдің дамуы мен тілдерді оқыту ісіне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың қатарында орталық оқытушылары Роза Мұғалімова мен Айнагүл Сағындықова бар.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Петропавл қаласында «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын айқындау, қазақ тілінің ғылым мен білімдегі, цифрлық технологиялар мен жаңа медиа кеңістігіндегі қолданысын кеңейту және өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту.
Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілдері, өңірлердегі тілдерді дамыту саласының мамандары, ғалымдар, оқытушылар және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
«Digital Urpaq» оқушылар сарайында ұйымдастырылған семинардың ресми бөлімінде «Қазақ тілі және цифрлық дәуір: ұлттық құндылықтар – рухани серпіліс» атты панорамалық көрме ұсынылды. Негізгі бөлімде TED форматындағы «Ойталқы» алаңы өтіп, ғылым тілі, жасанды интеллект, тіл мәдениеті және қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі рөлі жөнінде пікір алмасты.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж.С. Таласпаева ғылым тілінің ұлттық инновациялармен байланысына тоқталды. Nazarbayev University жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) атқарушы директоры Е.Б. Абсалямов қазақ тілі мен жасанды интеллекттің өзара байланысы туралы ой бөлісті.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ менеджері Л.Л. Топузов қазақ тілін мүмкіндік ретінде қабылдаудың маңызын атап өтті. «Qyzyljar» телеарнасының қазақтілді шеф-редакторы А. Жолмұқанова жаңа медиадағы тіл тазалығы мен сөз мәдениеті мәселелерін көтерді. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы А.Қ. Дауткулова қазақша Уикипедияны дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімінде «Тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, сала мамандарына «Уикипедияға мақала орналастыру алгоритмдері» бойынша оқыту жүргізілді.
Семинар қорытындысында тіл саясаты саласының мамандары мен бейінді ұйымдардың өкілдері марапатталды.
2026 жылғы 16 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ терминжасамының негізгі әдіс-тәсілдері»республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
20232029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту» бағытын іске асыру аясында өткен конференцияда қазіргі қазақ терминжасамының өзекті мәселелері, сондай-ақ ұлттық терминжасамның әдістері мен тәсілдерін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру мәселелері қаралды
Конференция барысында қазақ тіліндегі терминжасамның ғылыми негіздері, терминжасамдағы жаңа модельдер мен үрдістер, калька және аударма тәсілдері, кірме терминдерді қазақ тіліне бейімдеу, терминдерді стандарттау мен біріздендіру, сондай-ақ салалық терминжасамның құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері талқыланды.
Жиынға терминология, тіл білімі, аударма ісі және білім беру саласының белгілі ғалымдары мен мамандары қатысты.
Конференцияда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигіШерубай Құрманбайұлы Қазіргі түрік тілдеріндегі терминжасам үдерісінің тілдік және әлеуметтік-лингвистикалық мәселелері»тақырыбында баяндама жасады
Мақсұт Нәрікбаев университетініңпрофессоры, PhD Айнұр Баекеева «САТ құралдары арқылы көптілді терминологияны аударма тәжірибесінде автоматтандыру»тақырыбын таныстырды.
Шәкәрім университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, PhD Ақжібек Ахметжалпы тіл біліміндегі терминжасам үлгілеріне тоқталды.
Қазақ-Америка университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сара Коянбекова қазақ терминжасамындағы жаңа атаулар парадигмаларының жасалуы және цифрлық модельдері туралы сөз қозғады.
Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның Терминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Ысқақ баяндамасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша бекітілген терминдердің жасалу үдерісін қарастырды
Сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Мәрлен Әділов көне сөздердің термин ретінде қайта жандану үрдісі және түркі тілдері арасындағы терминалмасым мәселелерін талқылады.
Ал М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі PhD Аида Аубакировақазақ тіл біліміндегі жаңа терминдердің зерттелуі, жіктелуі және қалыптануы мәселелері жөніндегі зерттеулерін ұсынды.
Конференцияның пікірталас бөлімінде қазақ терминологиясының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, ұлттық терминдерді қалыптастырудың тиімді жолдары және терминологиялық қорды жетілдіру мәселелері сараланды.
Ғылыми-практикалық конференция нәтижесінде қазақ терминжасамын дамытуға, терминдерді жүйелеу мен біріздендіруге және қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми ұсыныстар мен тұжырымдар талқыланды.
2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бастамасымен Көкшетау қаласында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Қайыржан Рақымжанов пен аталған комитеттің бас сарапшысы Мақсат Несіпбаев, сондай-ақ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Ақмарал Дауткулова қатысты.
Семинардың мақсаты – қазақ тіліндегі контент көлемін арттыру, Уикипедияға мақала әзірлеу және орналастыру дағдыларын қалыптастыру, цифрлық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Оқыту семинары аясында түрлі салада қызмет атқаратын 50-ден астам маман Уикипедияға мақала әзірлеу, ақпаратты дұрыс рәсімдеу және оны энциклопедияға орналастырудың негізгі алгоритмдерімен танысты.
Қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту – мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтудің маңызды қадамы!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 9 қазанда Астанада жылсайынғы «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпарат пен жарнаманың сапасын арттыруға, кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың тіл мәдениетіне деген жауапкершілігін нығайтуға және қоғамдық кеңістікте қазақ тілінің сауатты қолданылуын насихаттауға үлес қосады.
Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 49 қатысушы өтінім беріп, 900-ге жуық фото және бейнематериалдар ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамында Құқық жоғары мектебінің профессоры Примашев Нұрзада, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Итеғұлова Сая, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері –тележурналист Жиенәлі Мейіржан, Ұлттық аударма бюросының редактор-аудармашысы, жазушы Есей Жеңісұлы, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның Әдістеме Lab жетекшісі Қожахметова Әйгерім болды.
Қазылар алқасының шешімімен І орын «Зенченко и компания» коммандиттік серіктестігіне (Солтүстік Қазақстан облысы), ІІ орын Замзагүл Нұрғалиеваға (Павлодар облысы) және Денис Ершовқа (Солтүстік Қазақстан облысы), ІІІ орын Ақсұңқар Жұмабаеваға (Атырау облысы) және Береке Жарылғаповаға (Қарағанды облысы) берілді. Сонымен қатар бес қатысушы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
«Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобында қазақтың көрнекті ақындары Қасым Аманжоловтың 115 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қасым мен Мұқағали әлемі» шығармашылық сайысының ақтық кезеңі өтті.
Байқауды «Қазақ тілі» клубы ұйымдастырды. Негізгі мақсат - мемлекеттік тілді дәріптеу, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру.
Жарыстың ақтық кезеңіне «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобының 20 еншілес және ведомстволық бағынысты ұйымынан 41 қызметкер қатысты. Қатысушылар екі номинация бойынша өнер көрсетті: ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу және олардың сөзіне жазылған әндерді жанды дауыста орындау.
Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер диплом және сыйлықпен марапатталды, сондай-ақ арнайы «Көрермен көзайымы», «Ерекше шоу-бағдарлама» және «Креативті орындау» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Сайыс қорытындысынан кейін финалистер Қасым Аманжоловтың туған жері - Қарқаралыға барып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи-мәдени орындармен танысты.
29 қыркүйекте Астанада Халықаралық аудармашылар күніне орай «Қазіргі аударма: тіл, технология және жаңа талаптар» тақырыбында кәсіби кездесу өтті.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған кездесуге ұлттық компаниялардың және түрлі салалардың кәсіби аудармашылары, редакторлар, филологтар мен тіл мамандары қатысты.
Кездесуде аударма саласына жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың ықпалы, қазақ тіліндегі аударманың сапасы және қазіргі мамандарға қойылатын кәсіби талаптар талқыланды.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы кездесуді ашып, сала мамандарын Халықаралық аудармашылар күнімен құттықтады. Ол аударманың әлемдік білім мен мәдениетті қазақ тілінде қолжетімді етудегі, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұрасын әлемге танытудағы маңызына тоқталды.
Ұлттық аударма бюросының аудармашы-редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, PhD Гүлшат Түсіпова жасанды интеллектінің зерттеу үдерісіне енуі және оның аударма саласындағы жаңа мүмкіндіктері туралы баяндады.
Филолог, аудармашы, редактор, «Калькасыз қазақ тілі» жобасының авторы Назгүл Қожабек жасанды интеллект құралдары кеңінен қолданылып отырған кезеңде қазақша мәтіннің табиғилығын сақтау, тілдің өзіндік құрылымын ескеру және аударма сапасын қамтамасыз етудегі маманның рөліне тоқталды.
Disney және Amazon компанияларының сертификатталған аудармашысы, аударма сапасын бақылау маманы Нұрдәулет Затилла қазақша дубляж бен субтитрдің қазіргі жағдайы туралы айтты.
Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі, дипломат, шығыстанушы Михал Лабенда елшіліктің күнделікті қызметіндегі аударма тәжірибесімен бөлісті. Қазақ тілін жетік меңгерген дипломат аударманың халықаралық ортадағы практикалық қырларына назар аударды.
Практикалық бөлімде Назгүл Қожабек «Қазіргі аудармадағы грамматика мәселелері» тақырыбында воркшоп өткізіп, қатысушылармен аударма барысында кездесетін тілдік және грамматикалық мәселелерді талқылады.
Кәсіби кездесу аударма саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және мамандар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Шығыс Қазақстан облысында «Тіл үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері: тәжірибе, ізденіс және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға өңірдің 8 ауданындағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары мен әдіскерлері, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты.
Семинар барысында көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін оқыту қағидаттары, заманауи әдістемелік тәсілдер және мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді жолдары талқыланды.
Семинарға қатысушылар тәжірибе алмасып, тіл үйретудің заманауи әдістері мен тиімді тәсілдерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2026 жылғы 23 қыркүйекте екінші деңгейлі банк қызметкерлеріне «Банк секторында тіл туралы заңнаманы қолдану және іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске екінші деңгейлі банктерден 45 қызметкер қатысты.
Семинар кеңестің мақсаты - Банк секторында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу және цифрлық сервистерде (мобильді қосымшалар, SMS, маркетплейстер) мемлекеттік тілдің қолданылу сапасын арттыру бойынша нақты ұсынымдарды қарастыру.
Семинар-кеңесті Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахимжанов ашып, жүргізді. Семинар-кеңес барысында Комитеттің бас сарапшысы Е.Сұлтан «Е-Өтініш» жүйесі арқылы жолданған азаматтардың өтініштері негізінде банк саласында тіл заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы баяндама жасады.
Семинар-кеңестің соңында банк өкілдеріне Тіл заңнамасы талаптарын сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Ақмола облысында этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті.
23 қыркүйекте «Қоғамдық келісім» үйінде өткен байқауды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Оған түрлі салада еңбек етіп жүрген, мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Атбасар қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Зарина Ахметова иеленді. ІІ орын Целиноград ауданы Шалқар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Карина Гулаковаға, ІІІ орын Макинск қаласындағы «Облгаз» ЖШС қойма меңгерушісі Рахимат Бекботоваға берілді.
Сондай-ақ байқауға қатысқан өзге де қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.