ATAMEKENBUSINESS. КҮНДІЗГІ ФОРМАТ
«AtamekenBusiness»-тің тікелей эфирінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы талқыланды.
Күндізгі форматтағы жаңалық қонақтары ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Бағдад Қожа-Ахмет, «Қазақ тілі» халықаралық академиясының президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек және мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, «Soyle.kz» онлайн-курсының авторы Азат Шауеев қатысты.
Айта кету керек, құжат 25 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылды.