"ШАЛҚАР" РАДИОСЫ. "ШАЛҚАР ШАҢЫРАҒЫНДА". ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОРПУС

Жарияланған күні: 28 наурыз 2022

"Шалқар шаңырағында" бағдарламасының кезекті шығарылымы терминология және Ұлттық корпус мәселелеріне арналды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек және Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Нұрлыхан Айтова "Шалқар" радиосының тікелей эфиріне қатысып, терминология мен Ұлттық корпусқа қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.