Республикалық онлайн семинар өтеді

Республикалық онлайн семинар өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 2 маусымында «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбы аясында онлайн режімде семинар ұйымдастырады.
Шараның мақсаты: оқытушылар мен әдіскерлердің авторлық әдістемелерді әзірлеу бойынша білімдерін жетілдіру, әдістемелік идеялармен алмасу.
Семинарда республикалық тілдерді оқыту орталықтары мен білім беру саласының тіл мамандары жаңашыл педагогтардың жеке авторлық әдістемелерімен танысады.
Баяндамашылар:
- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев;
- «Білім беру технопаркі» ғылыми енгізу орталығының директоры, «Биоақпарат және синергетика» педагогикалық технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Федор Яковлевич Вассерман;
- қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гүлмира Амандықова Әбілмәжінқызы;
- лингвист Николай Замяткиннің шәкірті, матрицалық әдістің продюсері Ярослава Вадимовна Науменко.
Онлайн шара Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының фейсбук, инстаграм желісіндегі парақшаларында көрсетіледі.
Семинар материалдары жинақ түрінде басылып шығарылады.

Оқиға күні

01 маусым 2021

Оқиға түрі

Хабарландыру