ШЕТТІЛДІК ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛАДЫ


2022 жылғы 11 қарашада сағат 14.00-де «Шеттілдік ғылыми терминдерді аудару: теориясы мен тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Шараның мақсаты: Түркі және Еуропа тілдерінің терминдік сипатқа ие болған кірме сөздерін, атаулар мен неологизмдерді игеру тәжірибелерін негізге ала отырып, ұлттық бірегейлікті сақтау және салалық терминжасамдағы сауаттылықты арттыру, шеттілдік терминдерді қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына ұтымды бейімдеудің ғылыми-әдіснамалық тәсілдерін талқылау және оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру.
Конференция жұмысына отандық ғалымдар, оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдар, орталық атқарушы органдардың сала мамандары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшелері, тіл жанашырлары қатысады.
Шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
Оқиға күні
11 қараша 2022
Оқиға түрі
Конференция