ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТЕДІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті 2021 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өзге ұлт жастары арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауын өткізеді.
Қазақ тілінің қоғам өміріндегі рөлін күшейтудің негізгі шарттарының бірі – өзге ұлт жастары арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту.
Онлайн негізде өтетін байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 21-35 жас аралығындағы өзге ұлт жастары қатысады.
Басталу уақыты
10 қараша 2021
Соңғы күні
12 қараша 2021
Өткізу орны
ОНЛАЙН
Оқиға түрі
Конкурс