|
Қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2022 жылы орындалуы туралы ақпарат
|
Р/с № |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Ақпарат көзі |
Жауап ты орын даушы лар |
Орындалуы |
Қаржыландыру көздері |
Бюджеттік бағдарламаның коды |
Орындалуы |
||
|
База лық бастап қы мәні |
Жоспар (2022) |
Факт (2022) |
||||||||
|
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
6. |
7. |
8. |
9. |
10. |
11. |
||||
|
|
1. Латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту |
|||||||||||||
|
|
Нысаналы индикатор: |
|||||||||||||
|
|
Латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазба коммуникация қатысушыларының үлесі |
% |
|
ҒЖБМ ЖАО |
10 |
10 |
0 |
- |
- |
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
||||
|
|
Нәтижелі көрсеткіштер: |
|||||||||||||
|
|
Латынграфикалы әліпби негізінде шығарылған сөздіктер мен анықтағыш-тардың, қолжазбалардың саны (өсу қорытындысымен) |
бірлік |
|
ҒЖБМ |
5 |
10 |
0 |
- |
- |
|||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
1.
|
Латын графикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сондай-ақ сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды, практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдар басып шығару және тарату |
млн.тг. |
сөздіктер, анықтамалықтар |
ҒЖБМ, Тіл білімі институты (келісу бойынша) |
50.0 |
0 |
0 |
РБ |
230 100 |
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. Тармақ бойынша бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылды. |
||||
|
3. |
Қазақ тілінің латын графикалы негіздегі әліпбиін пайдалана отырып мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың бланкілерін, маңдайшаларын, хабарландыруларын, жарнамаларын, прейскуранттарын, баға көрсеткіштерін, басқа да көрнекі ақпараттарын қазақ тілінің латынграфикалы негіздегі әліпбиін пайдалана отырып дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету |
|
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ, мүдделі МО, ЖАО, ҰК, ҮЕҰ |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.
|
||||
|
5. |
Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізудің ғылыми - ұйымдастырушылық міндеттерін іске асыруға қатысты іс-шаралар өткізу |
млн.тг. |
Семи нар, кеңес, кон-я
|
ҒЖБМ |
25,9 |
0 |
0 |
РБ |
230 100 |
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
||||
|
6. |
«Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша, оның ішінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша қызметін қамтамасыз ету |
млн.тг. |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ, «Тіл-Қазына» орталығы |
284,6 |
187.2 |
187.2 |
РБ |
230 100 |
Орындалды 2022 жыл ішінде «Тіл-Қазына» орталығы қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін 40 бірлік жұмыс орнымен және кеңсе үй-жайымен қамтамасыз етілді. |
||||
|
|
Міндет. 1.2. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші |
|||||||||||||
|
|
Қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің емле ережесіне негізделген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен)
|
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
5 |
30 |
31,3 |
- |
- |
Орындалды. Есептік кезеңде Мемлекеттік терминология комиссиясының 4 отырысы өткізілді. Терминологиялық қор 2019 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2020 жылы 5%-ке, 2021 жылы – 15%-ке, ал 2022 жылы 30%-ке арттырылуы тиіс болатын. Есептік кезеңде 4069 термин бекітілді. Терминологиялық қордың үлесі Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылдарымен қоса алғанда өсу қорытындысымен 31,3%-ке артып отыр (2019 жылы терминологиялық қор 27 мың терминді құраса, 2020 жылы – 1476, 2021 жылы – 20902, ал 2022 жылы – 4069 терминге артып отыр). |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
8 |
Терминалогия және ономастика жөніндегі республикалық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету |
млн.тг. |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ
МСМ |
4,2 |
0,6
1.1 |
0,6
1.1 |
РБ |
230 100
049
|
Орындалды. Мемлекет Басшысының мемлекеттік басқару жүйесін бюрократиядан арылту жөнінде берген тапсырмасын іске асыру аясында Комиссия Министрлік жанынан Министрдің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік терминология комиссиясы болып қайта құрылды. Есептік кезеңде Комиссияның төрт отырысы өткізілді. 7 қазандағы 1-отырысында Денсаулық сақтау, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері ұсынған 1059 салалық термин, 4 қарашадағы 2-отырысында Ауыл шаруашылығы, Әділет, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктері, Ұлттық банк және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітуге ұсынған 1165 салалық термин, 24 қарашадағы 3-отырысында шахмат терминдері және Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітуге ұсынған 1029 салалық термин, 13 желтоқсандағы 4-отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітуге ұсынған биология, ботаника салаларының, әлеуметтік және бизнес саласы («100 жаңа оқулық» жобасы бойынша), Цифрлық сауаттылық және информатика пәндері бойынша 816 термин бекітілді. Жыл бойы бекітілген терминдердің жалпы саны – 4069. Комиссия бекіткен терминдер Биылғы жылы Республикалық ономастика комиссиясының 9 отырысы өткізілді. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде барлығы 606 ұсыныс қаралды. Оның ішінде 3 облыс, 2 қала, 4 аудан, 162 объект, 435 құрамдас бөліктер (көше, даңғыл) қаралып, Комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде аталған ұсыныстарға оң қорытынды берілді. Комиссия қорытындылары заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу үшін мемлекеттік органдарға жолданды. |
||||
|
9. |
Терминдер мен атауларға лингвистикалық сараптама жүргізу және ұлттық терминалогиялық жүйедегі интертерминдерді біріздендіру |
млн.тг. |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ МСМ |
3,0 |
3,1 |
3,1 |
РБ |
230 100 |
Орындалды Комиссияның 4 отырысында да қаралған терминдерге лингвистикалық сараптама жасалды. Лингвистикалық сараптама барысында терминннің дефинициясы анықталып, оның бірнеше түркі, ағылшын және т.б. тілдердегі баламасы берілді. Заңнамадағы қолданысына талдау жасалып, бекітуге нақты нұсқа ұсынылып отырды. |
||||
|
10. |
Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу |
млн.тг. |
семинар |
ҒЖБМ |
6,42 |
25,6 |
25,6 |
РБ |
230 100 |
Бекітілетін терминдермен қатар жеке азаматтардан түскен бірнеше лингвистикалық сипаттағы мәселелерге да сараптама жасалды. Лингвистикалық сараптама жасалған терминдердің жалпы саны - 4209, оның 4069-ы бекітілді. |
||||
|
|
Міндет. 1.3. Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелі көрсеткіш |
|||||||||||||
|
|
Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
МСМ ЖАО |
14 |
14,5 |
14,5 |
- |
- |
Орындалды. Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі атау беру және қайта атау кезіндегі жергілікті халықтың пікірін ескеру қағидатына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте 2022 жылы жергілікті атқарушы органдармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі 14,5%-ды құраған. |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
11. |
Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру |
млн.тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
МСМ |
11,0 |
0 |
0
|
РБ |
|
Орындалмады. Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру үшін 2022-2024 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен қаржы беру мәселесі қолдау таппаған. Осыған орай жоба 2022 жылы іске асырылмаған |
||||
|
12. |
Латын графикасында Қазақстан азаматтарының тегі мен есімдерін дұрыс жазу жөніндегі іс-шаралар өткізу |
млн. тг |
Акциялар,флешмобтар, семинарлар және т.б |
ЖАО, ҰК |
13,38 |
0 |
0 |
ЖБ |
|
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін аталған бағыттағы жұмыстар қайта қаралатын болады. |
||||
|
13. |
Ономастика мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру |
млн. тг |
конференция, конкурс, семинар |
МСМ |
17,40 |
0,5 |
0,5 |
РБ |
049 |
Орындалмады. 2022 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы Ономастикалық хабаршы бюллетені 2 нөмірде басып шығарылып, «Атау.кз» сайтында орналастырылды. Аталған бюллетеньдерде ономастика саласындағы ғалымдардың еңбектері жарияланған. Ономастика мәселелері бойынша аймақтық семинар және «Ұлттық ономастика – ел айнасы» республикалық байқауын өткізу үшін 2022-2024 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен қаржы беру мәселесі қолдау таппаған. Осыған орай аталған жобалар 2022 жылы іске асырылмаған. |
||||
|
14. |
Латын графикалы әліпби негізіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы географиялық объектілер және олардың құрамдас бөліктері атауларының стандартын әзірлеу және бекіту |
млн. тг |
стандарт |
МСМ
|
13,70 |
0 |
0 |
РБ |
049 |
Орындалмады. 2021 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған Заңмен «ҚР-ғы тіл туралы» Заңның 19-бабына өзгерістер енгізіліп, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады. Осы орайда, аталған жобаны іске асыру жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлаймыз. Бөлінген қаражат Республикалық бюджетке кері қайтарылды. |
||||
|
|
Міндет. 1.4. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасын іске асыру |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші |
|||||||||||||
|
|
«Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасының көлемі (өсу қорытындысымен)
|
млн. сөз қолданысы
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
ҒЖБМ
|
10
|
30 |
43
|
-
|
- |
Орындалды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» базасындағы 30 млн. бірліктің 14 млн. сөзқолданысына метабелгіленім қою бойынша жұмыс жүргізсе, 2022 жылы оның көлемі 30 млн. бірлікті құрап отыр. Институт қалыыптастырған тіл корпусы qzcorpus.kz сайтына орналастырылған. Сондай-ақ есептік кезеңде qazcorpora.kz сайтындағы корпус көлемі 13 млн. сөзқолданысқа жеткізілді. |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
15. |
Қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу |
млн. тг |
ашық инновациялық-ақпараттық жүйе құру |
ҒЖБМ, «Тіл-Қазына» орталығы |
72,0 |
116,0 |
116,0
|
РБ |
230 100 |
Орындалды. Есептік кезеңде Қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 13 млн. сөзқолданысына метабелгіленім (талдау) жасалды. Негізгі жұмыс публицистикалық мәтіндер бойынша жүргізілді. Сондай-ақ ауызекі тіл мәтіндерінің негізінде ауызша корпус әзірлеу жұмыстары қолға алынды. Жұмыс қорытындысы анықтамалық-ақпараттық жүйе - qazcorpora сайтына орналастырылды. |
||||
|
16. |
Елдің мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және дәріптеу жөніндегі іс-шаралар қамтамасыз ету |
млн.тг. |
баспа өнімдері |
МСМ |
30 |
357,7 |
357,7 |
РБ |
033
|
Орындалды. 2022 жылы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың аясында шетелдік архивтерде, кітапханаларда, ғылыми мекемелерде Қазақстан тарихына қатысты жаңа құжаттық дереккөздер анықталып сатып алынды. Қазақстан архившілері Германия, Польша, Чехия, Түркия, Франция, Венгрия, Үндістан, Иран, Египет, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Катар елдерінде зерттеулер жүргізді. Архившілерден құрылған ғылыми экспедиция мүшелері 7000-нан астам құжат, оның ішінде 445 фотоқұжат, 206 кітап пен сирек қолжазбаларды сатып алды. Әкелінген құжаттар мен материалдардың хронологиялық шеңбері 973-1990 жылдар аралығын қамтиды. |
||||
|
|
2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту |
|||||||||||||
|
|
Нысаналы индикаторлар: |
|||||||||||||
|
|
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ ЖАО |
90,5 |
92 |
92 |
- |
- |
Орындалды. 2022 жылы елімізде тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу) жүргізілді. Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған «NEWGROUP.kz» ЖШС жүргізді. Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 92 % мемлекеттік тілді меңгергені анықталды. |
||||
|
|
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі |
% |
ҒЖБМ -ге ақпарат |
АҚДМ |
74 |
76 |
83 |
- |
- |
Орындалды. 2022 жылдың нәтижесінде мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 83% көлемінде. ТЕЛЕАРНАЛАР - 77%: «Qazaqstan» – 99,90 %; «Qazsport»– 58,63 %; «Balapan»– 100 %; Abai TV»– 84,60 %, «Хабар»– 64,19 %; «Хабар 24» – 52,18 %; «Еl arna»– 79,60 %; РАДИОАРНАЛАР – 83% Qazaq radiosy- – 95,38%, Shalqar radiosy – 100%, Astana radiosy – 75,45%, Classic radiosy– 60%. БАСПА БАСЫЛЫМДАР - 85 %: «Egemen Qazaqstan» газетіндегі қазақ тіліндегі материалдардың үлесі – 100%; «Қазақ газеттері» ЖШС - 70%, «ANA TILI» газеті – 100%, «Tenge monitor» газеті – 100%, «Ұлан» газеті –100%; «AQIQAT» журналы – 100%, «ÚRKER» журналы – 100%, «Ақ желкен» журналы – 100%, «Балдырған» журналы – 100%; ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР - 87%: «Qazcontent» АҚ-дағы мемлекеттік тілдегі материалдардың үлесі –87%, оның ішінде: baq.kz – 100%, primeminister.kz –87,5 %, el.kz –71,8%, e-history.kz –86,3%, adebiportal.kz –88,2%. *Басқа тілдерде таратылатын мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары: «Казахстанская правда», «Дружные ребята» газеттері, «Мысль» журналы, baigenews.kz сайты (орыс тілдерінде), «Уйгур авази» газеті – ұйғыр тілінде. |
||||
|
|
Міндет. 2.1. Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші: |
|||||||||||||
|
|
Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ ЖАО |
52,5 |
59,5 |
59,5 |
- |
- |
Зерттеу қорытындысына сәйкес респонденттердің 59,5 %-і қазақ тілін жақсы меңгерген. 20,5 %-і қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады, 5,4 %-і түсінеді және түсіндіре алады, 7,4 %-і жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. |
||||
|
|
Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушыларын даярлауға көзделген гранттар саны |
бірлік |
МСМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
500 |
500 |
837 |
- |
- |
«2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 шiлдедегі № 316 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына қазақ тілінің мамандарын даярлауға 837 білім беру гранты бөлінді, оның ішінде: бакалавриат – 680, магистратура – 120, докторантура – 37. Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған экономика салалары үшін кадрларға қажеттіліктің ортамерзімді болжамы негізінде қалыптастырылады. |
||||
|
|
Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген қазақ тілінде оқытпайтын мектеп түлектерінің үлесі |
% |
МСМ-ге ақпарат |
ОАМ |
30 |
40 |
46,7 |
- |
- |
Ұлттық білім беру дерекқорының (НОБД) мәліметі бойынша 2021-2022 оқу жылында мектеп бітірген түлектердің жалпы саны 168 306 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 117 088, орыс тілінде оқытатын сыныптарда 44 564, өзбек тілінде оқытатын сыныптарда 5307, ұйғыр тілінде оқытатын сыныптарда 903, тәжік тілінде оқытатын сыныптарда 308, ағылшын тілінде 136 оқушы білім алған. А - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер түлектерінің үлесі; Х - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінде оқытпайтын мектеп түлектерінің саны - 23 969 адам. V- тестілеуден өткен мектеп түлектерінің жалпы саны (44564+5307+903+308+136 = 51 218 адам). А=X/V*100= 23 969 /51 218 *100 = 46,7 %. |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
17. |
Мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арналған онлайн іс-шаралар |
млн. тг |
семинар-тренинг |
ҒЖБМ |
2,60 |
2,7 |
2,7 |
РБ |
230 100 |
Орындалды. 2022 жылғы 31 мамыр -3 маусым аралығында «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» және 9-10 қараша күндері «Қазақ тілін оқытудағы белсенді әдіістер мен технологиялардың практикумы» тақырыбында онлайн режимде семинар болып өтті. Семинарда қазақ тілін оқытудың қалыптасқан әдіснамасының артықшылықтары мен кемшіліктері сараланып, қазақ тілін меңгертуде шет тілін үйретудің жалпыеуропалық құзыреттіліктерін басшылыққа алу мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қоғамның түрлі саласында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту жағдайы талданды, ҚР азаматтарына мемлекеттік тілді деңгейлеп меңгерту жүйесінің стратегиясы мен оны іске асыру тетіктері жайлы мәселер қозғалды. Шараға еліміздегі жоғары оқу орындарындағы және шетелдегі қазақ диаспорасына қазақ тілі курсын ұйымдастырып жүрген мамандар спикер ретінде тартылды. |
||||
|
ЖОО |
|
8,66 |
8,66 |
ЖБ |
|
|||||||||
|
18. |
Ересек тұрғындар арасында жаңа әліпби мен емле ережесін меңгерту мақсатында семинарлар, курстар ұйымдастыру |
млн.тг. |
курстар,семинарлар |
ҒЖБМ, мүдделі МО, ЖАО, ҰК |
60,8 |
0 |
0 |
РБ |
230 100 |
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
||||
|
19. |
Барлық адамдарға қазақ тілін үйрену үшін мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім беру деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру |
млн. тг |
МСМ-ге ақпарат |
ЖАО, мүдделі МО, ҰК, ҮЕҰ |
823,58 |
1073,3 |
1073,1 |
ЖБ |
- |
Орындалды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан өткендер саны – 51356 адам, оның ішінде: - өңірлерде – 47345 адам (Қостанай – 7143, Павлодар – 6100, Түркістан – 5004, СҚО – 4331, Жамбыл – 3547, Қарағанды – 3031, Алматы – 3020, Ақмола - 3015, ШҚО – 1553, Ақтөбе -1530, Астана қ. – 1500, Абай – 939, Шымкент қ. – 899, Қызылорда – 894, Жетісу – 2964, БҚО – 695, Атырау – 540, Алматы қ. – 475, Ұлытау облыстарында – 165,); Маңғыстау облысында тілдер оқытылмады. - орталық мемлекеттік органдарда – 1701 адам (Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 1324, Қорғаныс министрлігі – 210, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – 76, Әділет министрлігі – 27, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - 20, Төтенше жағдайлар министрлігі – 20,Ұлттық эконмика министрлігі - 12, Бас прокуратура – 12.) - этномәдени бірлестіктерде – 1072 адам (ШҚО – 390, Ақтөбе – 120, Астана - 110, Қызылорда – 89, Ұлытау – 80, Маңғыстау – 68, Қарағанды - 40, Абай – 37, Павлодар - 13, Ақмола облыстарында -10, Алматы қ - 115.). - ұлттық компанияларда – 1238 адам («Қазақтелеком» АҚ – 426, «KEGOC» АҚ – 300, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – 94, «Алматы электр станциялары» АҚ – 80, «Қазпошта» АҚ – 72, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 76, «ҚазМұнайГаз» ҰК – 43, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ – 33, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 31, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 31, «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ – 23, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы – 15, «Taỳ-Ken Samuryq» Ulttyq taỳ-ken kompanıasy» акционерлiк қоғамы – 8, «Самұрық-Қазына» АҚ – 5,«Самұрық-Қазына Контракт» – 1.) |
||||
|
20. |
Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшіруді ескере отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогика кадрлар үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру |
млн.тг. |
курстар |
ҒЖБМ, ЖАО |
0 |
0 |
0 |
РБ |
230 100 |
Орындалмады. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
||||
|
21. |
Тілдік біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (ресми хат, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер) |
млн. тг. |
МСМ-ге ақпарат |
БП (келісу бойынша), ҚОА (келісу бойынша) |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Бас прокуратураның Құқық қорғау органдары академиясы бекітілген жоспар-кестеге сәйкес осы 21-тармақты іске асыру мақсатында мынадай дәріс-сабақтарды өткізді. - «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігі» пәнінің тақырыптық жоспары бойынша 2022 жылғы 28 ақпаннан 4 наурыз аралығында 3 жылға дейін өтілі бар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуратура қызметкерлеріне (25 адам) арналған біліктілікті арттыру курсында «Ресми іс-қағаздардың стильдік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша практикалық сабақтар өткізді. - Сондай-ақ а.ж.28 наурызда өткен 2-санаттағы кадр резервінде тұрған прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлеріне (58 адам) арналған «Құқық қорғау органдарындағы қызметті ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсында «Басшының ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті» тақырыбы бойынша дәріс оқылды. - 05.04.-07.04. аралығында 45 қызметкерге «Шешендік өнер ғылымы және риторика мәселелері» тақырыбы шеңберінде өткізілген тренингте Астана қ. «Шешендік өнер және актерлік шеберлік» трансформациялық студиясының жетекшісі, «PEOPLE AWARDS 2021» премиясының иегері, «Сөйлеу тілі мен дауыс формуласы» курсының авторы, коуч-тренер Динара Жұлдызқызы дәріс оқыды; - 18.04.-22.04. аралығында еңбек өтілі 1 жылдан 3 жылға дейін прокуратура органдарының қызметкерлеріне (71 адам) арналған «Әкімшілік өндірістегі новеллалар» атты біліктілікті арттыру курсында «Ресми іс қағаздарының стильдік ерекшеліктері» тақырыбында; - «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар (25 адам) үшін әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Б.Р. Есімсейтов «Басшының ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті» пәнінен дәріс оқиды. Пәннің тақырыптық жоспарында көрсетілген тақырыптар (ресми хат, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер) қамтылған. -15.09.-19.08. аралығында прокуратура органдарының, СЖҚІА, ҚМА 10 жылдан жоғары өтілі бар қызметкерлеріне «Дағдарыстық жағдайларды басқару» біліктілікті арттыру курсында «Ресми іс-қағаздардың стильдік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша практикалық сабақтар өткізілді. - 19.09.-23.09. аралығында 3 жылдан 10 жылға дейін өтілі бар прокуратура қызметкерлеріне өткізілген «Алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын қылмыстық істердің мемлекеттік айыптауды қолдау тактикасы» атты курста жоғарыда аталған тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді. - 17.10.- 21.10. аралығында 3 жылдан жоғары өтілі бар СЖҚІА қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтарын сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ерекшеліктері» атты біліктілікті арттыру курсында «Ресми іс қағаздың стильдік ерекшеліктері» атты дәріс сабағы өткізілді |
||||
|
МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша) |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) 2022 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында «Ресми мәтін және жазылым дағдалары» тақырыбында – 458, «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау», «Сөз мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу», «Тиімді коммуникация» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларында – 1447, сонымен қатар Академияның өңірлік филиалдарының қайта даярлау курстарында – 3344, біліктілікті арттыру семинарларында – 18 759, барлығы – 24 008 мемлекеттік қызметші әртүрлі көлемді ресми-іскерлік мәтін құрастыру және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын игерді. |
||||||||
|
22. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу |
млн. тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
16.5 |
6,5 |
6,5 |
РБ |
001 103 |
Орындалды. 2022 жылы ҚР тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу) жүргізілді. Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған ««NEWGROUP.kz»» ЖШС жүргізді. Зерттеу еліміздің 14 облысында және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасының 18 жастан жоғары 2000 азаматы, денсаулық сақтау саласының 700 өкілі қатысты. |
||||
|
|
Міндет. 2.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші: |
|||||||||||||
|
|
«Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесі
|
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
35.5 |
37.0 |
36,0
|
- |
- |
Ішінара орындалды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша 21 687 адамға «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу өткізді. Тестілеуге қатысқан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің саны – 4801 адам. Диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижесі бойынша 1716 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің (36%) мемлекеттік тілді орта (В1) деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. |
||||
|
|
Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі
|
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
20% |
30.0 |
41,7
|
|
|
Орындалды «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы 7829 мемлекеттік қызметші диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша 3270 мемлекеттік қызметші (41,7%) мемлекеттік тілді ортадан жоғары (В2) деңгейде меңгергендерін көрсетті. |
||||
|
|
Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің үлесі
|
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
9% |
13,0 |
3,5% |
- |
- |
Ішінара орындалды «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тестілеуден 12 630 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша 440 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері (3,5%) мемлекеттік тілді жоғары (С1) деңгейде меңгергендерін көрсетті. |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
23. |
«Қазтест» бағдарламасының негізінде тіл білу деңгейін бақылау жүйесін қамтамасыз ету |
млн. тг |
ҰЭМ-ге ақпарат
|
ҒЖБМ |
58,9 |
56,5 |
56,5 |
РБ |
204 108 |
Орындалды Жыл сайын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиясына үміткерлер, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлері мен ұстаздары «ҚАЗТЕСТ» тапсырады. 2022 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсушілерге міндеттелді. 2022 жылы 21 687 адам диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеуге келесі әлеуметтік топтар қатысты: - мемлекеттік қызметшілер – 7829 адам; - мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері – 4801 адам; - «Болашақ» стипендиясына үміткерлер – 3236 адам; - ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсушілер – 4515 адам; - «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері мен басқару персоналы – 760 адам; - басқа сала қызметкерлері – 546 адам. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) қолданысқа енгізілді (2015 жылғы 24 қарашадағы № 236-од бұйрық, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітілген). Ұлттық стандарт тілді оқыту мен меңгеру деңгейін бағалауды жүйелейтін бірден-бір нормативті кұжат болып табылады. Стандарт тіл үйренушінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға толық мүмкіндік береді. Сонымен бірге, құжатта мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес базалық деңгейде меңгеруі абзал кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі анықталып, қандай кәсіптің иесі және қандай лауазым иелері мемлекеттік тілді қай деңгейде меңгеру қажеттілігі анықталған. |
||||
|
24. |
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша шекті мән белгілей отырып, тестілеуден өткізу |
|
ҒЖБМ-ге ақпарат
|
МҚІА, БҒМ |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - агенттік) тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін дамыту жұмыстары үнемі жүргізілуде. Атап айтқанда, 2021 жылы өткізілген Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуде үміткерлерге мемлекеттік тілді кем дегенде орташа деңгейде меңгеру талабы енгізілді (ұлттық стандарттарға сәйкес орташа деңгейден (В1) төмен болмауы керек). Сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына (бұдан әрі – Академия) түсуге үміткерлерге мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша Qazaq Resmi Test немесе Qaztest орта деңгейден (В1) төмен емес сертификаттарының болуы туралы талап енгізілді. Өз кезегінде, Академия және оның филиалдары мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарларын мемлекеттік тілде өткізуге басымдық береді. Осылайша, барлық семинарлар мен курстарда «Мемлекеттік тілдегі ресми жазылым дағдылары» тақырыбы оқытылады. Қазіргі уақытта НҚА жетілдіру жөніндегі жоспарлы заң жобасында мемлекеттік қызметке кіру кезінде мемлекеттік тілді меңгерудің шекті мәнін белгілеу бойынша тиісті түзетулер көзделеді. |
||||
|
|
Міндет. 2.3. Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші: |
|||||||||||||
|
|
Қазақ тілді БАҚ-қа мемлекеттік қолдау көрсету үлесі |
% |
ҒЖБМ -ге ақпарат |
АҚДМ |
52 |
56 |
57,3 |
|
|
Орындалды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 9 телеарна, 40 интернет-ресурс, 42 баспа басылымдарға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, 9 аралас тілді телеарналарға (басым тіл – қазақ тілі), 20 қазақ тілді интернет-ресурс, 27 қазақ тілді баспа басылымға конкурс негізінде қолдау көрсетілді. 47*100/82=57,3 |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
27. |
Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б), сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақ тілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау |
|
ҒЖБМ -ге ақпарат |
ЦДИАӨМ, ИИДМ, мүдделі МО |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Көрсетілген тармақ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасына енгізілді. Бұған сәйкес, тапсырманы орындау мерзімі 2022-2024 жылдар аралығы болып табылады. Қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды. |
||||
|
28. |
БАҚ-та балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу |
млн. тг. |
ҒЖБМ -ге ақпарат |
АҚДМ |
- |
- |
- |
- |
|
Орындалды. Ағымдағы жылы «Balapan» телеарнасы 23 тележоба өндірді. Оның ішінде, 11 анимациялық сериал: «Ойыншықтар», «Білгішбектер», «Дәрігер Дана», «Тоқты мен Серке», «Жібек», «Бөпе», «Бала Бекзат», «Дүлдүл». Сондай-ақ, оқу-танымдық, шытырман оқиғалы, ойын-сауық жанрдағы 12 тележоба бар: «Miss Kausar» ақпараттық-танымдық бағдарламасы, «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі», «Байқа, балақай!» әлеуметтік танымдық жобасы, «Білім бәйгесі» интеллектуалды шоу бағдарлама, «Тәуекел» спорттық реалити-шоуы, «Ең мықты», «Күмбір Live» және «Сиқырлы бөлме. Әжеммен бірге» ойын-сауық бағдарламалары, «Ежелгі қалаларға саяхат», «Есімдер», «Білемісің, балапан?» танымдық жобалары және «Бал балалары» ситкомы. Бұдан бөлек, «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі» жобасының асында 20 оқушы қабылданып, мультфильм жасауды үйренгісі келетін барша балаға тең мүмкіндік жасау үшін 30 дәріс алдын-ала, студияда, сапалы дыбыспен жазып алынды. Эфирге аптасына 2 рет шығады. Сонымен қатар, арнаның Youtube каналына жүктеледі. «Балалар жылына» орай «Balapan» телеарнасы бірнеше жобаны іске асырды. Атап айтар болсақ, еліміздің талантты балалары мен танымал әншілердің қатысуымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы мен Балалар күніне мерекелік концерт ұйымдастырып, эфирден көрсетті. «Balapan көктеміне» 255 бала қатысса, «Самға, Balapan!» атты кешке 155 өнерпаз атсалысты. Барлығы 410 бала сахнада өнер көрсетті. «Balapan» мен «Қазақ радиосы» бірлесіп, «Кім тапқыр?» интерактив радио ойынын жүзеге асырды. Бұдан бөлек, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Open Air республикалық балалар фестивалін ұйымдастырылды. Фестиваль Астана қаласында, Есіл жағалауындағы амфитеатрда өтті. Аталған шараға республикамыздың 9 облысынан 800-ден астам жас өнерпаз бен танымал әншілер қатыстыЕліміздің 4 өңірімен тікелей эфирде байланысқа шығып, аймақтардағы балалар мерекесінің тойлануы көрсетілді. Сонымен қатар балалар әндерін жазатын ақын композиторлар арасында байқау ұйымдастырылып, 109 ән қабылданды. Әділ қазылар алқасы шешімімен 5 ән үздік деп танылып, оған арнайы бейнеклиптер түсіріліп, республика күні мерекесі қарсаңында жаңа балалар әндерінің тұсауы кесілді. Айрықша атап өтерлігі, биылғы жылдың жазғы маусымында балалар арнасында толық ребрендинг жасалды. Арнаның мультхикаялары шетелге сатыла бастады. Атап айтқанда, «Balapan»-ның 5 анимациялық жобасы АҚШ-та және Латын Америкасы елдерінде көрсетіліп жүр. «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы» мен «Пырақтар» жобаларын осы елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ «Balapan»-ның анимациялық жобалары IVI платформасына жүктелді. Осылайша «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын сол платформадан тамашалауға болады. Атап айтқанда, «Хабар», «Қазақстан», «Abai TV», «Еларна» арналарында «Жеті қазына», «Cover show», «Жұп-жұбымен», «1001 түн», «Ашық алаң» секілді қазақ тілді бағдарламалар көрермен көзайымына айналса, «Ақ пен қара», «Келінжан-4», «Теміртас», «Мағжан. Мен жастарға сенемін!», «Дина. Күй құдірет», «Ахмет.Ұлт ұстазы», «Мұқағали.Бұл ғасырдан емеспін» секілді телехикаялар қазақ тілді отандық сапалы өнімдердің қатарына қосылды. El.kz сайтында «Қазақ Talk», «Бүгінгі тренд», «Үріп ауызға салғандай», «Анықта», adebietportal.kz сайтында«Ардың ісі» , baq.kz сайтында «Желмая», «Ұлттық идеология және ...» және басқа аудиоподкасттар, бейнероликтер циклы қаралымы көп жобаларға айналды. Бұған қоса, TiJi, Nickelodeon мультфильмдерін қазақша сөйлету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. |
||||
|
29. |
Фильмді Қазақстан аумағында таратуға рұқсат беруге және оны бір мезгілде прокатқа шығаруды талап ететін прокаттық куәлік беру үшін міндетті түрде қазақ тіліндегі дубляжының немесе түпнұсқасының болуын талап етуге бағытталған «Кинематография туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу |
|
заңға өзгерістер, толықтырулар |
МСМ, мүдделі МО |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. «Кинематография туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу шеңберінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте «Фильмдерді прокаттау тілі» 9-бабының 3-тармағы келесі редакцияда өзгерістер енгізілді: 3. Қазақстан Республикасының аумағында прокаттау және көрсету кинозалдарда және осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер, прокаты шектеулі фильмдерді қоспағанда, дубляждалуы не субтитрленуі не қазақ тіліне кадрдан тыс аудармамен қамтамасыз етілуі тиіс. 3-1. Дубляжды қазақ тіліне қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық көруге арналған фильмдерді прокаттау және оларды кинозалдарда және Қазақстан Республикасының аумағындағы осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда көрсету қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс. |
||||
|
30. |
Фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждауды қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсету |
млн. тг. |
ҰЭМ-ге ақпарат |
МСМ |
38,1 |
88,6 |
88,6 |
РБ |
033 |
Орындалды. Халықаралық стандарттар бойынша рейтингі жоғары 3 шетелдік фильмнің дубляжына 2022 жылы «Аватар», «Қара қабылан. Ваканда мәңгілікке», «Аватар. Су жолы» фильмдері қазақ тілінде дубляждалған. Анықтамалық: 2022 жылы қазақ тіліне 20 шетелдік фильмнің дубляжы жоспарланған болатын. Алайда, дубляжға арналған фильмдерді іріктеу мәселесін пысықтау кезінде Голливудтың ірі студияларының Universal Pictures, Warner Bros. ұсыныстар сұралды., Disney, Sony pictures, Paramount pictures қазақстандық дистрибьюторларының ұсыныстарына тыйым салынды. Осыған орай, Қазақстанда бүгінгі таңда Disney және Sony Pictures студияларының дистрибьюторы «Интервидео» ЖШС және Disney студиясының фильмдерін ғана қазақ тіліне дубляждауға рұқсаты бар екені анықталды. Қалған студиялар сенімді серіктестер желісі (Trusted Partner network - TPN) тексерген дубляжға арналған кемінде үш тәуелсіз студия пайда болғанға дейін Қазақстанда фильмдерді дубляждау құқығын берілмейтіндігі белгілі болды. |
||||
|
31. |
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу |
млн.тг. |
бейнеблоктар |
ҒЖБМ, ЖАО |
21,0
|
21,0
|
21,0
|
РБ
|
230 100
|
Орындалды. 2022 жылы мемлекеттік тілді және латын графикасына көшу жұмыстарын насихаттау бойынша бейнероликтер үш түрлі бағытта әзірленді: 1. Әлеуметтік бейнероликтер 2. Түсіндірмелі бейнероликтер 3. Вирустық бейнероликтер Бейнероликтердің сипатына байланысты хронометражы 50 секунд – 5 минут аралығын қамтиды. Барлығы – 135 минут. Бейнеролик тақырыптары: Рәбиға Сыздықова, Ахмеди Ысқақов, Әбдуәли Туғанбайұлы, Құлмат Өмірәлиев, Әл-Фараби, Қазақ тілі, Кітап дүкені, Бала тілі, Арабша жазу, Көк алма, Әліпби, Қазақша мектеп, Отбасы, Спорт және т.б. Мемлекеттік тілді және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарының орындылығын түсіндіру мақсатында әзірленген бейнероликтер БАҚ-та жариялану үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға жолданды. |
||||
|
32. |
Мемлекеттік тілді пайдалануға ынталандыратын бейнероликтер әзірлеу және тарату |
13,0 |
2,9 |
2,4 |
ЖБ |
|
||||||||
|
|
Міндет. 2.4. Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші |
|||||||||||||
|
|
Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ мүдделі МО, ЖАО, ҰК |
70 |
74 |
74 |
- |
- |
Орындалды. Министрлік сыртқы жарнама мен басқа да көрнекі ақпаратта орын алатын бұзушылықтар мен қателіктерді түзету және олардың алдын алу мақсатында Интернеттегі, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға тұрақты мониторинг жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігіндегі тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмысын «Атамекен» ҰКП-ның және «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің жергілікті жерлердегі филиалдарын, басқа да үкіметтік емес ұйымдарды, тіл жанашырларын тарта отырып жүргізді. 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынын көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілдің нормасына сәйкестендіру мақсатында 53493 көрнекі ақпаратқа зерделеу жұмысын жүргізді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 39456 көрнекі құралдары мемлекеттік тілдің нормасына сәйкес жазылды. |
||||
|
|
Мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі |
% |
ҒЖБМ -ге ақпарат |
АҚДМ |
50 |
50 |
50 |
- |
- |
Орындалды. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Осыған орай, Министрлікке бағынысты «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК тәулік бойы теле, радиоарналарға мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша теле, радиоарналарға ескерту жолданып, жалпы есептік кезең қорытындысы бойынша жиынтық эфирлік уақыты 50 пайыздан төмен теле, радиоарналар анықталмады. |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
33. |
Көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстарын үйлестіру |
млн.тен |
түсіндіру жұмыстары, еріктілер акциялары, «Сәтті жарнама», «Үздік маңдайша» |
ҒЖБМ, мүдделі МО, ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу |
8,8 |
15,2 |
15,2 |
ЖБ |
- |
Орындалды. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде заң нормаларының сақталуы бойынша Астана, Алматы қалаларының және Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері «Атамекен» ҰКП-мен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Көрнекі ақпарат мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар көрнекі ақпарат субъектілерімен жұмыс жүргізіп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орналастыруға ықпал жасап, тиісті әдістемелік көмек береді. Барлық өңірлерде сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің орфографиялық нормаға сәйкес жазылуын үйлестіру мақсатында тегін кеңес беретін «жедел желі» (сall-center) қызмет көрсетеді. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде 114 көрнекі ақпаратқа заңнамаға сәйкес түзету жұмысы жүргізілді. Бұл бағытта Астана, Алматы, Шымкент қаласының және облыс әкімдіктеріне (3 рет), Алматы қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктеріне хат жолданды (жалпы саны 10 хат). Деректемелер мен көрнекі ақпараттар бойынша жеке және заңды тұлғалардан әкімдіктерге 1429 өтініш келіп түскен, оның 1291 мемлекетттік тілде. Жергілікті атқарушы органдар «Тіл туралы» Заңның 21-бабына енгізілген түзетулерді ескере отырып, көрнекі ақпарат саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Мәселен, Қарағанды облысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша өткен жиында берген облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бақылау кассалық машиналар чектерін қазақшалау, нотариустармен бірлесе отырып, қазақ тіліндегі қызмет көрсету сапасын арттыру, облыстағы кен орындарындағы көрнекі ақпараттарды қазақшалау жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізген. Қызылорда облысы әкімдігі ас мәзірлерінің мемлекеттік тілде сауатты жазылуын қамтамасыз ету бағытында деректемелер мен көрнекі ақпараттағы мәтіндердің аудармаларына сараптама жасау комиссиясының құрамын бекіткен. Аталған облыста кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігіндегі тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында «Körneki» әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарланған. Ақтөбе облысы осы бағыттағы жұмысты «Мемлекеттік тіл – тірегім» ерікті топ мүшелерімен жүргізуде. Топ құрамында «Атамекен» ҰКП-ның Ақтөбе облыстық филиалы қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, тіл жанашырлары бар. Түсіндіру жұмысы барысында жыл басынан бері қамтылған 39 сауда үйі, 41 жабық базар, 73 салон, 33 спорт мекемесі, 79 мейрамхана, 52 дәмхана, 54 дәріхана, 19 нотариустық кеңсе, 43 көлік жуу, жөндеу орталықтары, 87 азық-түлік, киім дүкендері иелеріне көрнекі ақпарат мәтіндерінің, деректемелердің тілдік нормаларға сай, сауатты рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілген. Ағымдағы жылы «Халықаралық қазақ тілі» қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мүшелері, қоғам белсенділері, депутаттар мен тіл жанашырларынан құралған мониторинг тобы жалпы саны 1700-ге жуық қоғамдық орындар мен сауда объектілеріне барып түсіндірме жұмысын жүргізген. Кездесу барысында тіл туралы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, анықталған кемшіліктерді түзету туралы ескертулер берілген. 2022 жылғы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен бизнес өкілдерінің арасында семинар өткізілген. 2022 жылы Ақмола облысында мемлекеттік тілді пайдалану және қолдану жөніндегі заңнамалық талаптарды түсіндіру мақсатында, облыс аумағындағы сауда және тамақтану орындарында, дәріханалар, қонақ үйлер, шаштараздар, нотариустар, пошталар, банктер сияқты қызмет көрсету және т.б. орындарында 5676 көрнекі ақпарат қамтылып, 4201 ақпарат мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес әзірленді Астана қаласы әкімдігі «Сауда-саттыққа қажетті сөздер жиынтығы» қалта кітапшасын және «Тiл туралы» ҚР Заңының 2000 дана түсіндірме жадынамасын әзірлеп, сауда орталықтары мен дүкендеріне таратты. Сондай-ақ қала әкімдігі жоспарға сәйкес қала көшелеріндегі сыртқы (көрнекі) жарнаманы ретке келтіру жұмысы бойынша 68 көшеге рейд ұйымдастырған. Ағымдағы жылғы он бір ай ішінде 2300-ден аса нысан қаралып, кәсіпкерлік субъектілеріне заңнама талаптары түсіндірілген. Орын алған бұзушылықтар бойынша 1100-ден аса нысан иелеріне жадынама таратылып, түзетуге ұсынымдар берілген. Заңнамаға қайшы орнатылған 700-ден аса жарнама құрылғылары алынып тасталған. |
||||
|
34. |
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашылық-жобалар өткізуде қолдау көрсету |
млн.тен |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ, АҚДМ, мүдделі МО, ЖАО, ҰК, ҮЕҰ |
- |
70,3 |
70,3 |
- |
ЖБ |
Орындалды. 2022 жылы Министрлік азаматтық қоғам институттарының қазақ тілін қолдау мақсатындағы шараларға ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, бұл бағытта «Семейде еріктілер қазақ тілін үйретуде», «Мемлекеттік тілді білу – азаматтық парыз» және басқа атаулармен «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Заң газеті», «Айқын» және басқа басылымдарда мақалалар, «Хабар», «Хабар 24», «Қазақстан» телеарналарында жаңалықтар сюжеті, abai.kz, inform.kz, adyrna.kz, baq.kz және басқа интернет-ресурстарда материалдар жарияланды. |
||||
|
35. |
Мәдениет ұйымдарының (театр, кино және басқалары) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру |
|
ҒЖБМ -ге ақпарат |
МСМ, ЖАО
|
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. 2022 жылы Қазақстан театрлары спектакльдер мен концерттік бағдарламалардың 13 036 көрсетілімін жүзеге асырды. Оның ішінде республикалық театрларда – 1 444, ересектер аудиториясында – 5 540, балалар аудиториясы үшін – 7 496. Сонымен қатар, 339 жаңа қойылым жүзеге асырылды: Қазақ тіліндегі жаңа контентпен жүзеге асырылған отандық авторлардың шығармалары бойынша – 183. |
||||
|
36. |
Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету |
|
ҒЖБМ -ге ақпарат |
МСМ мүдделі МО, ЖАО, ҰК |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану қамтамасыз етілген |
||||
|
37. |
Кинотеатрларда прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау |
|
ҒЖБМ -ге ақпарат |
ЖАО |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Кинотеатрларда прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданған |
||||
|
38. |
Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында (денсаулық сақтау, білім беру және сот ісі ұйымдарында, мәдениет және өнер салаларында, спорт және туризм, банк ісі, сауда, қоғамдық көлік, әуе және темір жол коммуникациясы, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану салалары мен демалыс орындарында және т.б) тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау |
|
ҒЖБМ -ге ақпарат |
ЖАО, МО |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданған |
||||
|
39. |
Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалға мониторинг және талдау жүргізу |
млн. тг. |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
4,8 |
6,0 |
6,0
|
РБ |
230 100 |
Орындалды. Жалпы 105 мекеменің ресми сайты тексерілді. Оның ішінде: әуежайлар – 17, жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармалары – 20, ұлттық компаниялар мен әуе компаниялары – 32, екінші деңгейлік банктер – 14, полиция департаменттері – 12, қоғамдық тұтыну сервистері – 10. Мониторинг барысында 100 мекемеге ескерту хаттары жолданды. Оның ішінде: әуежайларға – 14, жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларына – 20, ұлттық компаниялары мен әуе компаниялары – 30, екінші деңгейлік банктер – 14, полиция департаменттеріне – 12, қоғамдық тұтыну сервистеріне – 10 ескерту хат жолданды. Осы жолданған ескерту хат бойынша 22 мекеме өздерінің ресми сайттарына түзетулер енгізгенін мәлімдеді: 6 - әуежайлар, 3 - жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармалары, 5 - ұлттық компаниялар, 4 - екінші деңгейлік банктер, 3 - полиция департаменттері, 1 - қоғамдық тұтыну сервистері. |
||||
|
40. |
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шаралар өткізу, оның ішінде «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергендер арасында «Тіл шебері» республикалық конкурсы |
млн. тг |
республикалық (өңірлік) конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар |
ҒЖБМ мүдделі МО (оның ішінде құқық қорғау органдары мен әлеуетті құрылымдар), ЖАО, ҰК |
35.2
70,06 |
105,7
117,1 |
105,7
117,0 |
РБ
ЖБ |
230 100
|
Орындалды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздарын марапаттады. Онлайн форматта өткен дәстүрлі шараның негізгі мақсаты: қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру. Акцияның талабы бойынша әр үміткер Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, фейсбук әлеуметтік желісіне жариялады. «Жүзден – жүйрік» жеңімпаздарды анықтау бейнематериал астындағы «лүпіл» саны арқылы анықталды. Нәтижесінде Маңғыстау топ жарды: Бас жүлде: Гасангусейнова Виктория, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері; І орын: Халиулина Ұлболсын, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 мектептің 7-сынып оқушысы; ІІ орын: Игнатьева Алина, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай атындағы гуманитарлық колледждің студенті; ІІІ орын: Грибенюк Роман, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік ауылы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мектептің 7-сынып оқушысы; Ынталандыру сыйлықтары: 1) Гавхарбекова Гузал, Түркістан облысы Сайрам ауданы №75 мектептің 6-сынып оқушысы; 2) Юнусметова Гульрух, Шымкент қаласы, №14 мектептің 7-сынып оқушысы; 3) Греб Маргарита, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 8-сынып оқушысы; 4) Асланова Зарифа, №14 мектептің 7-сынып оқушысы. Акцияның Бас жүлдегеріне 100 мың теңге сыйлық табысталады. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы Қарағанды қаласында өткізілді. Іс-шараға қатысу үшін еліміздің 12 өңіріндегі қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдері жиналды. Республикалық байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 19 желтоқсан күні «Тіл шебері-2022» республикалық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, насихаттау, мәртебесін көтеру. Шараға Астана қаласында орналасқан мемлекеттік органдардан 3 мемлекеттік қызметшілерден тұратын, барлығы 14 топтан құралған 42 үміткер қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің ортақ шешімі бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы Бас жүлде иегері атанды. І орынды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің командасы; ІІ орынды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі командалары; ІІІ орынды ҚР Жоғары аудиторлық палатасы, Әділет министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі командалары иемденді. Барлық қатысушылар құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. |
||||
|
41. |
Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу салаларын (оның ішінде білім беру жүйесінің мектепке дейінгі, мектептік, арнайы орта және жоғары оқу орындары ұйымдарын қамти отырып) пайдалану мен оның қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу жөніндегі іс-шаралар |
млн. тг |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілетін іс-шаралар |
ЖАО |
260,3 |
64,6 |
64,5 |
ЖБ |
|
Орындалды. Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу салаларын пайдалану мен оның қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізілген. |
||||
|
42. |
Мемлекеттік тілде (оның ішінде, латын графикалы әліпби негізінде) инновациялық ІТ-жобаларды, тележобаларды және анимациялық фильмдерді әзірлеу және шығару |
млн. тг |
жобалар, бағдарламалар, фильмдер (анимациялық) |
МСМ |
164,3 |
718,9 |
718,9 |
РБ |
033 (118) |
Орындалды. 2022 жылы Халықаралық анимация күнінде қазақстандық анимацияның 55 жылдығына орай Шәкен Айманов «Қазақфильм» киностудиясының базасында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің ресми ашылуы өтті. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысына дайындық бірнеше ай бойы жүргізілді. Осы уақыт ішінде Қазақстан, РФ, Франция және басқа да көптеген елдерден анимация саласындағы жетекші әлемдік мамандардан шеберлік сыныптары өткізілді. Жыл қорытындысы бойынша шығармашылық бірлестік республиканың түрлі облыстары мен қалаларынан мәлімделген 167 жобадан іріктелген 20 пилоттық анимациялық жоба құрылды. |
||||
|
43. |
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған баспа өнімдерін шығару, сондай-ақ олардың электронды нұсқаларын tilalemi.kz, qazlatyn.kz порталдарына орналастыру |
млн. тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
13,5 |
132,5 |
132,5 |
РБ |
230 100 |
Орындалды. 033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының 108 «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында 2022 жылы 188 аталым әдебиет жалпы таралымы 506 мың данамен жарыққа шығарылып (кітаптардың 95 % қазақ тілінде), республикалық, облыстық мемлекеттік кітапханаларға таратылды. Аталған 188 аталым әдебиеттердің электрондық нұсқасы Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана жанынан құрылған қазақстандық электронды кітапхана базасына жүктелуде. Барлық оқырмандарға қолжетімді, тегін қызмет көрсетілуде. |
||||
|
45. |
Бизнес-ортада қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің қолданылу деңгейін арттыру бөлігінде қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау
|
|
интерьер дизайны заттарын, кеңсе заттарын, киім, аксессуарларды және т.б. жасауда мемлекеттік тілді пайдалану |
«Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) |
- |
- |
- |
- |
- |
Орындалды. Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады 2022 жылғы 18 тамызда «Еуразия» телеарнасының қатысуымен Астана қаласының сол жағалауындағы қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер қажетті ақпарат, жадынамалар алды (https://www.instagram.comeel/ChZ1aEhlwX7/?igshid=YmMyMTA2M2Y%3dk). Сонымен қатар, 29 қыркүйекте және 2 желтоқсанда «Сарыарқа» СОО-да, 6 қазанда «Рахмет» СҮ-де, 25 қарашада «Мечта» СҮ-де, 21 қыркүйегінде қалалық кәсіпкерлер палатасының алаңында онлайн форматта елордалық кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн конференция өткізді. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы 2022 жылы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, облыстың қалалары мен аудандарында кәсіпкерлерге ақпараттық-түсіндіру сипатындағы 200-ден астам іс-шара өткізді. БҚО кәсіпкерлер палатасы тілдерді дамыту басқармасымен 2022 жылы аталған тақырып бойынша бизнес субъектілерімен 5 кездесу өткізілді. Павлодарда қазақ тілін оқытудың жаңа Орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа орталықтың басшысы «Еңбек» жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтіп, Қазақ тілі орталығын ашу жобасын іске асыру үшін грант алды. Ересектерге арналған орталықта қазақ тілінің базалық негіздерін зерделеуге болады. Оқыту әдістері заманауи әдістемелер бойынша өтеді. Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы латын графикалық әліпбиін қолдану бөлігінде көрнекі ақпарат жазу, қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді: https://www.facebook.com/groups/AktobeBiz/posts/1503605316704234/, https://www.facebook.com/groups/AktobeBiz/posts/159772068062630/. Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» ҚБ облыстық филиалы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2022 жылдың 17 қарашасында шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдардың сақталуы туралы семинар-кеңес өтті. Сондай-ақ Палата қызметкерлері қазақ тілін оқыту бойынша біліктілігін арттырып, сертификаттар алды. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізді. (https://www.facebook.com/100001216880180/videos/1771442146588299/). Маңғыстау облысында кәсіпкерлер палатасы облыстың білім басқармасымен, Ақтау қаласының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» ҚБ облыс филиалымен және кәсіпкерлік субъектілерімен тілдер туралы заңнама талаптарын сақтау бойынша 2 кездесу ұйымдастырды. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша әлеуметтік желілерде жарияланымдар орналастырды: https://www.facebook.com/groups/kostanayBiz/permalink/1759063874440319. Алматы облысының кәсіпкерлік палатасы мемлекеттік тілді қолдану және оны насихаттауға байланысты облыстық және қалалық баспа басылымдарында 20 мақала жариялады, сондай-ақ әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) тілдік жағдайға қатысты жарияланымдар саны 92 құрады. |
||||
|
|
Міндет. 2.5. Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелер көрсеткіші: |
|||||||||||||
|
|
Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі |
% |
ҒЖБМ-ге ақпарат |
СІМ |
50 |
51 |
65 |
- |
- |
Орындалды. Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастыратын халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі жыл сайын артуда. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады. |
||||
|
|
Іс-шаралар |
|||||||||||||
|
46. |
Мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданылуын қамтамасыз ету |
|
келісімдер, халықаралық шарттар, кездесулер, келіссөздер |
СІМ, мүдделі МО, ЖАО, ҰК
|
- |
- |
- |
- |
- |
Мемлекет басшылығының ондаған халықаралық сапарлары болды. Айта кету керек, славян тектес елдерден басқа мемлекеттерге сапарлар, кездесулер кезінде іс-шаралар, келіссөздер негізінен мемлекеттік тілде өтті. Министрлікте келіссөздердің басым бөлігі қазақ және тараптар тілдерінде өткізіледі. ҚР Сыртқы істер министрі Бірінші орынбасарының 2021 жылғы 2 тамыздағы № 11-1-4/308 бұйрығы негізінде дипломатия саласында, оның ішінде Қазақстанда және қазақстандық дипмиссиялардың шетелде өткізетін халықаралық іс-шараларында қазақ тілін қолдану үлесін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг жасау жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері ұйымдастырған барлық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі. Оның ішінде, Наурыз мейрамын, Республика күнін, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық және Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойларын атап өтуге болады. 2022 жылғы 25 сәуір-1 мамыр аралығында Германияда Қазақстандық кино апталығы ұйымдастырылды. 28 мамырда Берлинде «1920-1930-жылдардағы ашаршылық және оның зардаптары», «Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлері», «Репрессияға ұшыраған қазақ руханияты» және «Білімнің атасы Ахмет Байтұрсынұлы және оның еңбектері» атты тақырыптарда дөңгелек үстел («Қазақ тілі» сөйлеу клубының аясында) өткізілді. 2022 жылғы 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Берлин және Ганновер қалаларында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрінің концерттері өтті. 2022 жылғы 21 маусымда Генуяда (Италия) әлемге әйгілі Карло Феличе театрында 15-тен астам ел өкілдерінің, соның ішінде Қазақ ұлттық өнер университеті әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Қазақстандық домбырашылар М.Нүкеевтің, А.Сатаеваның және Т.Құдайбергеннің орындауында Құрманғазының, Дайрабай мен Ахмедьяровтың атақты күйлері орындалды. 2022 жылғы 25 қазанда Римде Шымкент қаласының халық аспаптары мен өнерпаздар ансамблі, 2 желтоқсанда Флоренция қаласында Түркістан облысының Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясының әртістері концерттік бағдарлама берді. 2022 жылғы 4 қазанда Чехия астанасы Прагада “Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік реформалары және Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі" тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды, негізгі жұмыс тілі – қазақ тілі болған конференцияға Шығыс Еуропаның 4 елінен – Мажарстан, Польша, Словакия және Чехиядан жиырмадан астам жоғары білікті сарапшылар қатысты. Қазақ халқының әйгілі әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту жұмыстары аясында қандастарымыз тығыз орналасқан Горган қаласында (Иран) концерт ұйымдастырылды. Концертте Ирандағы қандастардың өнерпаз жастарының орындауында қазақтың әндері шырқалып, күйлері тартылды.Тегеран қаласында (Иран) ҚР еңбек сіңірген әртісі Е.Хасанғалиевтің жұбайы Дарико ханым мен танымал әнші Б.Хасанғалиевпен кездесу өткізілді. 2022 жылғы 9-10 маусымда Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясында «Абай оқулары: Қазақстан тарихы мен мәдениетінің келешегі» атты IV Халықаралық ғылыми семинар өтті. Дипломатия саласында қазақ тілінің рөлін күшейту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің Мемлекеттік тіл басқармасы Мемлекеттік тіл саясаты басқармасы мәртебесінде қайта құрылды. Аталған құрылымдық бөлімшеге сыртқы саяси ведомствода мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың кешенді жұмысын жүргізу жүктелген. |
||||
|
47. |
Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін оқыту және ілгерілету үшін «Абай институты» ашық білім беру-танымдық жобасын іске қосу
|
млн. тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
37,6 |
23,0 |
23,0 |
РБ |
230 100 |
Орындалды. «Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру» бойынша оқу сабақтары офлайн режимде Германияның – Мюнхен, Париждің-Франция, Монғолияның – Ұлан-Батыр, Венгрияның – Будапешт, Испанияның –Мадрид, Иранның – Горган, Ресейдің – Мәскеу, Астрахан, Омбы қалаларында жүргізілді. Оқу курсына 150 адам қатысты. В2, C1 деңгейлері бойынша контент жинақталып, контент бойынша аудио, бейнематериалдар, суреттер әзірленді. Оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, 2 онлайн біліктілікті арттыру семинары ұй»ымдастырылды. Оқу бағдарламасы әзірленіп, қазақ тілін үйрететін оқу-әдістемелік құралдардың электронды базасымен жұмыс жүргізу түрлері түсіндірілді. |
||||
|
48. |
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету |
млн. тг |
ҒЖБМ -ге ақпарат |
СІМ, ЖАО, ДҚҚ, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ (келісу бойынша) |
39,1 |
4,4
|
4,4
|
ЖБ |
|
Орындалды. Министрлік пен еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйрену үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету және шетел университеттері мен орталықтарында қазақ тілін оқытатын курстарға, факультеттер мен кабинеттерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету бойынша жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда. ҚР-дың шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері 2022 жылы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Наурыз мейрамын, Республика күнін, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық және Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойларын атап өтті. 2022 ж. 10 тамызда Бейжіңдегі Цзиньтай мұражайында қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы «Абай оқулары» өткізіліп, қазақ тіліндегі әндер шырқалды. Бейжіңдегі «Балдырған» дамыту орталығында әр сенбі күні мектеп жасындағы (6-18 жас) балаларға арналған қазақ тілі сабағы жүргізіледі. Таллинн қаласындағы Каламе мектебінде ашылған қазақ тілі мен салт-дәстүрін оқытатын курста 10 қазақ баласы оқуда. 2022 жылғы 14 қазанда Сеул қаласының (Корея Республикасы) Ёидо алаңында Қазақстан мәдениетіне арналған фестиваль өтіп, оған болу еліндегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысып, қазақ өнерін көрсетті. Эстонияда «Атамекен» және «Абай» қазақ мәдени қоғамдары жұмыс істейді, олар мәдени-танымдық сипаттағы түрлі іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырады. Сондай-ақ, Таллинн қаласында 2022 жылғы 3 мамырда қандас әнші Ержан Нұрхасеннің ән кеші өткізілді. Францияда Қазақ тілі мен ұлттық аспаптарды (домбыра, қобыз, жетіген) үйрету курстарын өткізетін «Қорқыт» орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Орталықтың курстарына Францияда тұратын қандастар белсене қатысады. Орталық ашылғалы бері 30-дан аса іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, шет мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыздың қазақ тілін меңгеруін қоғамдық деңгейде қолдау үшін «Отандастар» қоры ұйымдастырып отырған жатқан қазақ тілін үйрену бойынша онлайн оқыту курстары жоғары бағаланып отыр. Мысалы, ҚР-дың Польшадағы Елшілігінің мәліметі бойынша, «Отандастар қоры» КЕАҚ көмегімен Варшавада алғаш рет қандастарға және басқа да тілек білдірушілерге арналған қазақ тілінің офлайн нысанында тегін оқу курстары ұйымдастырылуда. Тіл курстары айына 8 рет өтеді. Курсты «Қазақ тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген, Варшава университетінің білікті оқытушысы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 280 қаулысымен бекітілген «Этникалық қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е. Қошановтың 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 5002-10 ПАБ тапсырмасын іске асыру мақсатында «Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап басылымы әзірленіп, «Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» онлайн платформасына орналастырылды. Қазақ диаспорасына қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым сандық технологияға негізделген, электрондық нұсқадағы деңгейлік кешенді мультимедиалық өнім. Шетелдегі қазақ диаспоралары аталған басылым бойынша қазақ тілін үйренуде. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің сұрауы бойынша Қытайдың Бейжің, Гонконг қалалары мен Өзбекстанға қазақ тілін үйрету әдістемелері бойынша өнімдер жолданды. |
||||
|
49 |
Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету |
|
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ, СІМ,
|
Талап етілмейді |
Орындалды. София (Болгария) университетіндегі Қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығына және София қаласындағы Техникалық университеттегі «Абай» мәдени және танымдық орталығына, Орталық ұлттар университетінің, Бейжің шет тілдер университеті мен Шанхай шет тілдер университетінің (Қытай) Қазақ тілін оқыту кафедраларына тиісті қолдау көрсетілуде. 2022 ж. 8 маусымда Қытайдың Бейжің шет тілдер университеті мен Орталық ұлттар университетінде отандастар мен Қытай азаматтарының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиетінен тілдік сайыстар ұйымдастырылды. 2022 жылғы 28 қаңтар күні ҚР мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай корей тілін оқитын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері мен қазақ тілін оқитын Хангук шет тілдер университетінің студенттері арасында онлайн кездесу ұйымдастырылды. 2022 жылғы 14 сәуірде ҚР-дың Кореядағы Елшісі Б.Дүйсенбаевтың Хангук Шет тілдер университеті қазақ тілі кафедрасының студенттеріне арналған дәрісі өтті. |
||||||||
|
|
3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту |
|||||||||||||
|
|
Нысаналы индикатор |
|||||||||||||
|
|
Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ ЖАО |
26 |
28 |
28 |
- |
- |
Орындалды. Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 28 % үш тілді меңгергені анықталды. |
||||
|
|
3.1. Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы |
|||||||||||||
|
|
Орыс тілін меңгерген халықтың үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ ЖАО |
90 |
90,4 |
90,4 |
- |
- |
Орындалды. Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 90,4 % орыс тілін меңгергені анықталды. |
||||
|
|
3.2. Этностық топтардың тілдерін дамыту |
|||||||||||||
|
|
Қазақ және ана тілдерін оқыту бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ ЖАО |
30 |
34 |
34 |
- |
- |
Орындалды. Еліміздегі мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі 2022 жылы 34%-ке жетті. Астана қ - 57%, Алматы қ - 33% Шымкент қ - 47%, Ақмола облысы - 31% Алматы облысы - 34%, Ақтөбе облысы - 25%, Атырау облысы - 33%, БҚО - 33% Жамбыл облысы - 32%, Қарағанды облысы - 34%, Қызылорда облысы - 54%, Қостанай облысы - 35%, Маңғыстау облысы - 29% Павлодар облысы - 34%, СҚО - 35%, Түркістан облысы - 33%, ШҚО - 32% Жалпы: 34% |
||||
|
50. |
Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу |
млн. тг
|
конкурстар, фестивальдер, семинарлар, тренингтер, акциялар
|
ЖОО |
213,96 |
4,7 |
4,7 |
ЖБ |
- |
Орындалды. Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізілген. А.ж. 19 желтоқсан күні «Тіл шебері-2022» республикалық байқауы өткізілді. Шараға Астана қаласында орналасқан мемлекеттік органдардан 3 мемлекеттік қызметшілерден тұратын, барлығы 14 топтан құралған 42 үміткер қатысты. Байқау шартына сай қатысушылар «Елтаным», «Сөзтаным», «Ойтаным» кезеңдері бойынша бақ сынады. Олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықтары бағаланды. Қазылар алқасы мүшелерінің ортақ шешімі бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы Бас жүлде иегері атанды. І орынды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің командасы; ІІ орынды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі командалары; ІІІ орынды ҚР Жоғары аудиторлық палатасы, Әділет министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі командалары иемденді. Барлық қатысушылар құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. |
||||
|
51. |
Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізу |
|||||||||||||
|
ҒЖБМ |
23,1 |
12,0 |
12,0 |
РБ |
230 100 |
|||||||||
|
52. |
Мемлекеттік тілді және этностардың тілдерін және оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету |
млн.тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ |
0 |
0 |
0 |
|
|
Орындалды. 2022 жылы Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тілді және жекелеген этностардың ана тілдерін оқыту үшін онлайн курстарын әзірледі. Осыған байланысты медицина, туризм, халыққа қызмет көрсету, тұрмыс, сауда және бизнес салалары бойынша қазақ, орыс, неміс, украин, ұйғыр, корей, әзірбайжан және дүнген тілдерінде 20 бейне-сабақ, тест тапсырмалары мен жаттығулар әзірленді. Бейне курстар https://edu.tilalemi.kz порталында қол жетімді. Платформаның өткізу қабілеті бір уақытта 1000 адам. 2022 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша бейнекурстардан өту мақсатында платформада барлығы 325 тыңдаушы тіркелген. Тіркелгендерден 278 адам сынақтан өтіп сертификат алған. Ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес пайдаланушылар саны: 1. Қазақ – 24 адам 2. Дүнген – 148 адам 3. Ұйғыр – 11 адам 4. Неміс – 45 адам 5. Украин – 22 адам 6. Әзірбайжан – 17 адам 7. Корей – 11 адам Таңдаған тілге қатысты пайдаланушылар саны: 1. Қазақ тілі – 168 адам 2. Дүген тілі – 49 адам 3. Неміс тілі – 28 адам 4. Кәріс тілі – 21 адам 5. Украин тілі – 6 адам 6. Ұйғыр тілі – 4 адам 7. Әзірбайжан тілі – 2 адам Таңдаған кәсіптік қызмет түріне қатысты пайдаланушылар саны: 1. Үй және тұрмыс – 68 адам 2. Халыққа қызмет көрсету – 56 адам 3. Медицина – 53 адам 4. Сауда және бизнес – 51 адам 5. Туризм – 50 адам. |
||||
|
53. |
Мемлекеттік тілді және этностардың ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, сөздіктер мен үлгілік бағдарламаларды әзірлеу, басып шығару және тарату |
млн. тг |
оқу-әдісте мелік, ғылыми- анықтамалық, публицстикалық әдебиеттер, сөздіктер |
ҒЖБМ, ЖАО |
43,88 |
4,3
6,1 |
4,3
5,4
|
РБ
ЖБ |
|
Орындалды. «Ана тілі» мәтіндер жинағы қазақ, орыс, армян, белорус, болгар, грек, дүнген, татар, тәжік және шешен тілдерінде әзірленіп (С1 деңгейі бойынша) www.tilalemi.kz сайтына орналастырылды.
|
||||
|
54. |
Тілдік капиталды дамытуды, соның ішінде азаматтардың үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін әдістемелік құралды, мультимедиялық құралдарды, сөздіктер мен т.б. әзірлеу және енгізу |
|||||||||||||
|
55. |
Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда тілдерді (қазақ-ағылшын, қазақ-орыс және т.б) оқыту курстарын кеңейту
|
млн. тг |
ҒЖБМ-ге ақпарат |
ЖАО |
263,46 |
8,1 |
8,1 |
ЖБ |
|
Орындалды. Ақмола облысында мемлекеттік тілді – 3061, ағылшын тілін - 523 тыңдаушы оқыды. Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді – 1800, ағылшын тілін – 318 адам оқыды Жамбыл облысында барлығы 4109 тыңдаушы (қазақ-3362, орыс-88, ағылшын-659), 344 (қазақ-280 орыс - 8, ағылшын-56) топ (192-мемлекеттік қызметші) тегін оқу курсынан өткен. Қарағанды облысында қазақ тіліне – 2482, орыс тіліне – 40, ағылшын тіліне – 1987 адам оқытылды; Қызылорда облысында мемлекеттік тілді 1014, орыс тілін 493 адам, ағылшын тілін 772 адам оқыды. Қостанай облысында ағылшын тілі 1986 тыңдаушы, ана тілі 181 тыңдаушы (түрік тілі – 25 адам, башқұрт тілі – 12 адам, татар тілі – 15 адам, армян тілі – 18 адам, корей тілі – 15 адам, поляк тілі – 12 адам, неміс тілі – 71 адам, орыс тілі-13 адам). Маңғыстау облысында «Үш тілді онлайн оқыту» мобильдік қосымшасы қолданысқа ие. Қосымша Android және iOS нұсқаларында жұмыс жасайды. 2021 жылы аталған қосымшаны 200-ге жуық адам пайдаланып, тіл білу деңгейін анықтаушы тестілеуден өтті (тұтастай алғанда, 3 жыл бұрын басталған жобаға барлығы 8000 аса адам қатысты). СҚО: Тілдерді оқыту орталығында 140 топ ұйымдастырылды, 124 топта қазақ тіліне, 16 топта ағылшын тіліне үйретілді. Жалпы тыңдаушылардың саны 2473, с.і. 2260 қазақ, 213 – ағылшын тілін оқуда. ШҚО: қазақ тілін -3443, ағылшын тілін -984, орыс тілін – 145 адам оқыды. Шымкент қаласы бойынша «Қазақша – орысша – ағылшынша – өзбекше, Қазақша – орысша – ағылшынша – әзірбайжанша, Қазақша – орысша – ағылшынша – еврейше, Қазақша – орысша – ағылшынша – немісше, Қазақша – орысша – ағылшынша – армянша,Қазақша – орысша – ағылшынша – түрікше, Қазақша – орысша – ағылшынша – корей тілінде тілашар әзірлеп, баспадан шығарып, этномәдени бірлестік мүшелеріне таратылды. Жамбыл облысы бойынша «Отбасында қазақ тілін бірге үйренейік!» сөздігі әзірленіп 1500 данада таратылды. Мемлекеттік тілді өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін А1 деңгейінде 16 сабақтан тұратын «QazOnline» мобильді қосымша әзірленіп, қолданылуда. Қарағанды облысы бойынша «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешені (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінің оқу кешені (оқу құралы, дәптер, аудио диск) қолданылады. Ағылшын тілін оқыту барысында «New Headway» бағдарламасы қолданылады. Сонымен қатар қазақ тілін оқыту бойынша әлеуметтік желілер арқылы: - «Қазақша үйренейік!» жағдаяттық бейнероликтері жарияланған. Қызылорда облысы бойынша «Қазтест» жүйесінің тыңдалым бөлігіне арналған «Тыңда! Түсін! Тіл үйрен!» мобильді қосымшасы әзірленді. kzordatil.kz интернет порталы жасақталды. «Қатесіз жаз!», көнерген сөздердің мағынасын түсіндіру мақсатында «Қазақ сөзі», «Сөздер сөйлейді» ақпараттық-танымдық айдарлар әзірленіп, тұрақты жүргізілді. Қостанай облысы бойынша әлеуметтік желілердегі және YouTube-арнадағы парақшаларда тілдік капиталды дамыту, оның ішінде азаматтардың Үш тілді өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін әзірлемелер бойынша сабақтар жарияланады. Қызмет көрсету саласына арналған «Мемлекеттік тілді оқыту» қысқа мерзімді курсының 36 сағаттық бағдарламасы, сабақ үлгілері, сөздік; Қазақ тілін еркін форматта оқыту бойынша «Сөйлетайм» клубының 16 сағаттық жұмыс жоспары мен сабақ үлгілері облыстық деңгейде әзірленіп, таратылды. Түркістан облысы бойынша азаматтардың үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында «Тілдерді оқытып үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері», «Қазақша-ағылшынша» сөздік әзірленіп, аудан, қалаларға таратылды. ШҚО бойынша қазақ тілін үйрену курстарына арналған оқу құралдары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына,сауда орындарына, медициналықмекемелерге арналған тілдескіштер жасап шығарды. |
||||
|
|
Міндет. 3.3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру |
|||||||||||||
|
|
Нәтижелі көрсеткіш |
|||||||||||||
|
|
Ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі |
% |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ҒЖБМ ЖАО |
27,5 |
28,5 |
28,5 |
- |
- |
Орындалды. Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 28,5 % ағылшын тілін, меңгергені анықталды.
|
||||
|
56. |
Қазақ тіліне аударылған әлемдік классиктердің әдеби шығармаларын және ағылшын тіліне аударылған қазақ классиктерінің шығармаларын басып шығару, сондай-ақ олардың онлайн режимде қолжетімділігін қамтамасыз ету |
млн.тг |
ҰЭМ-ге ақпарат |
МСМ |
66,2 |
0 |
0 |
РБ |
033 (108), (128) |
Орындалмады. Қаржы бөлінбеуіне байланысты бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілмеген. |
||||
|
|
Республикалық бюджет |
1 866, 4 |
1 865,4 |
РБ |
|
|
||||||||
|
|
Жергілікті бюджет |
1 369,3 |
1 365,9 |
ЖБ |
|
|
||||||||
|
|
ЖАЛПЫ |
3 235,7 |
3 232,4 |
|
|
|
||||||||
|
|
||||||||||||||
Ескертпе: Жоспардың реттік саны Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының реттік санына сәйкес келеді.
|
Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы |
Бірлесіп орындаушы |
Өзара іс-қимылды талдау |
|
1 |
2 |
3 |
|
2022 жыл бойынша жағдай |
||
|
Нәтиже көрсеткіші: Латын графикалы әліпби негізінде басып шығарылған сөздіктер, анықтамалықтар мен қолжазбалардың саны (өсу қорытындысымен) |
ҒЖБМ
|
Орындалмады Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев латынграфикалы әліпбиді жетілдіруге қатысты тапсырмалар беруіне орай әліпби түпкілікті бекітілген жоқ. Соған сәйкес латын графикалы әліпби негізіндегі сөздіктер, анықтамалықтар мен қолжазбалар басып шағырылған жоқ. Бүгінгі күні Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби жобасы және қазақ тілінің емле ережесі жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
|
Нәтиже көрсеткіші: Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушыларын даярлауға көзделген гранттар саны |
ҒЖБМ
|
Артығымен орындалды Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған экономика салалары үшін кадрларға қажеттіліктің ортамерзімді болжамы негізінде қалыптастырылады. 2022 жылы бұл қажеттілік 837-ні құрады. Оның ішінде:бакалавриат - 680, магистратура - 120, докторантура - 37. Жоспар: 500 Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік бағдарламаларындағы көрсеткіштер, экономика салаларының негізгі үрдістері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдар көрсеткен қажеттілік есепке алынады. |
|
Нәтиже көрсеткіші: «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесі |
ҒЖБМ
|
Ішінара орындалды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша 21 687 адамға «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу өткізді. Тестілеуге қатысқан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің саны – 4801 адам. Диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижесі бойынша 1716 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің (36%) мемлекеттік тілді орта (В1) деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Жоспар 30,0. 2021 жылғы COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты республикада төтенше жағдайларға байланысты қоғамдық іс-шаралар өткізуге шектеу енгізілді. Сол шектеулердің әсері 2022 жылы тестілеудің толық өткізілмеуіне байланысты бағдарламада жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкін болмады. |
|
Нәтиже көрсеткіші: Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің үлесі |
ҒЖБМ
|
Ішінара орындалды «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тестілеуден 12 630 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша 440 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері (3,5%) мемлекеттік тілді жоғары (С1) деңгейде меңгергендерін көрсетті. Жоспар 13,0. 2021 жылғы COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты республикада төтенше жағдайларға байланысты қоғамдық іс-шаралар өткізуге шектеу енгізілді. Сол шектеулердің әсері 2022 жылы тестілеудің толық өткізілмеуіне байланысты бағдарламада жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкін болмады. |
|
Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға / нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері |
Қабылданған шаралар |
|
1 |
2 |
|
«Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесінің, Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері үлесінің төмен болуына басты себеп, 2017 жылы қолданысқа енгізілген қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттарының іс жүзінде басшылыққа алынбауы. Стандартта мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі абзал кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі ұсынылған. Алайда аталған Тізбедегі лауазым, кәсіп иелеріне тест тапсыру міндетелмеген. Сондай-ақ, бекітілген стандартқа сәйкес С1 деңгейін саяси қызметшілер мен басшылық лауазымдағы қызметшілер тапсыруы тиіс. Бүгінгі таңға дейін аталған азаматтар тест жұмысына қатыспай отыр. Сондай-ақ 2021 жылғы COVID-19 коронавирус пандемиясы да тестілеу жұмысының ойдағыдай өтуіне кері әсерін тигізгенін атап өткен жөн. |
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары қолданысқа енгізілді. Ұлттық стандарт мазмұны тіл үйренушінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік-тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға толық мүмкіндік береді. Министрлік тарапынан Ұлттық стандарттың қолданысқа енгізілгендігі хабарланып, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Қазіргі уақытта ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілену: - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне үміткерлері (шекті балл болмаса да); - халықаралық «Болашақ» стипендиясына үміткерлері; - «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері; - Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің академиясына үміткерлері үшін міндеттелген тест болып отыр. «Қазтест» бойынша қалыптасқан проблемаларды «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына түбегейлі өзгерістер енгізу жолымен шешуге болады. |
|
Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиі бекітілген жоқ. Оған басты себеп, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың әліпбидің жобасын жетілдіруге қатысты берген тапсырмаларына орай (2019 жылғы 21 қазандағы, 2020 жылғы 28 мамырдағы, 3 қыркүйектегі, 9 қарашадағы, 2022 жылғы 15 тамыздағы) жұмыстардың жүргізілуі. |
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуы қажет. |
|
Қаржыландыру көзі |
Жоспар, млн.теңге |
Факт, млн.теңге |
Пайдаланбаудың себептері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 көз: Республикалық бюджет |
1 866, 4 |
1 865,4 |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік бағдарлама аясында тіл саясатын жүзеге асыруға жоспарланған 699,6 млн. теңгені 100% игерді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік бағдарлама аясында тіл саясатын жүзеге асыруға жоспарланған 1 166,8 млн. теңгені 100% игерді. |
|
2 көз: Жергілікті бюджет |
1 369,3 |
1 365,9 |
Жергілікті атқарушы органдар өңірлерде тіл саясатын жүзеге асыруға бөлінген 1 369,3 млн. теңгені 99,8% игерді. 3,3 млн. тенгенің игерілмеуі жүргізілген мемлекеттік тапсырыс нәтижесінде болған үнеудеу есебінен болды. |
|
Барлығы |
3 235,7 |
3 232,4 |
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізуге бағытталды.
Осы Бағдарламаның 2022 жылы іске асырылу нәтижелері Қазақстан Республикасында тіл саясатының келесі бағыттар бойынша іске асырылуын қамтамасыз етті:
1) 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді халықтың 92,0%-і, орыс тілін - 90,4%, ағылшын тілін - 28,5%, үш тілді 28,0% түрлі деңгейде меңгергені анықталды. Оның ішінде халықтың 59,5 %-і қазақ тілін жақсы меңгерген. 20,5 %-і қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады.
2) Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердегі Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының саны (филиалдарымен қоса алғанда) 111 құрады.
3) Республика аумағы бойынша 80482 адам қазақ тілі курстарынан өтті (тіл оқыту орталықтарында, орталық атқару органдарында, ұлттық компанияларда, этномәдени бірлестіктерде және акция аясында). «Онлайнда бол!» акциясы да халықтың қолдауына ие болып, қазақ тілін қашықтықтан оқыту процесі жеңілдетілді.
4) Этнос тілдерін оқытуға қолдау көрсетіліп, 25 этносқа қазақ және ана тілдері (армян, әзірбайжан, балқар, белорус, грек, грузин, дүнген, еврей, корей, күрд, қырғыз, молдаван, неміс, орыс, ингуш, башқұрт, өзбек, поляк, татар, тәжік, түрік, түркімен, украин, ұйғыр, шешен) оқытылды.
5) Шетелдерде (АҚШ, Аргентина, Бельгия, Түркия, Ресей және Иран) Қазақстандық мәдени орталықтың негізінде Zoom сервисі арқылы қазақ тілі курстары жүргізілді.
6) Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін оқыту және ілгерілету үшін «Абай институты» ашық білім беру-танымдық жобасының жұмысы жалғастырылды.
7) Шетелде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді.
8) 7829 адам «Қазтест» тапсырды. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің 41,7%-і – В1 деңгейінде қазақ тілін білетіндерін растаған.
9) Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушыларын даярлауға көзделген гранттар саны – 837.
10) Орталық атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың, банктердің ресми сайттарына мониторинг жүргізілді. 2022 жыл осындай жұмыстармен 105 мекеме қамтылып, тиісті ескерту хаттар жолданды. Нәтижесінде 100 сайт талапқа сай түзетті.
11) Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 96% құрады.
12) Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі 83% құрады.
13) Қазақ тілді БАҚ-қа мемлекеттік қолдау көрсету үлесі 57,3% құрап, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 9 телеарна, 40 интернет-ресурс, 42 баспа басылымдарға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, 9 аралас тілді телеарналарға (басым тіл – қазақ тілі), 20 қазақ тілді интернет-ресурс, 27 қазақ тілді баспа басылымға конкурс негізінде қолдау көрсетілді.
14) БАҚ-та балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың саны едәуір артып, ағымдағы жылы «Balapan» телеарнасы 23 тележоба өндірді. Оның ішінде, 11 анимациялық сериал: «Ойыншықтар», «Білгішбектер», «Дәрігер Дана», «Тоқты мен Серке», «Жібек», «Бөпе», «Бала Бекзат», «Дүлдүл». Сондай-ақ, оқу-танымдық, шытырман оқиғалы, ойын-сауық жанрдағы 12 тележоба бар: «Miss Kausar» ақпараттық-танымдық бағдарламасы, «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі», «Байқа, балақай!» әлеуметтік танымдық жобасы, «Білім бәйгесі» интеллектуалды шоу бағдарлама, «Тәуекел» спорттық реалити-шоуы, «Ең мықты», «Күмбір Live» және «Сиқырлы бөлме. Әжеммен бірге» ойын-сауық бағдарламалары, «Ежелгі қалаларға саяхат», «Есімдер», «Білемісің, балапан?» танымдық жобалары және «Бал балалары» ситкомы. Бұдан бөлек, «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі» жобасының асында 20 оқушы қабылданып, мультфильм жасауды үйренгісі келетін барша балаға тең мүмкіндік жасау үшін 30 дәріс алдын-ала, студияда, сапалы дыбыспен жазып алынды. Эфирге аптасына 2 рет шығады. Сонымен қатар, арнаның Youtube каналына жүктеледі. «Балалар жылына» орай «Balapan» телеарнасы бірнеше жобаны іске асырды.
15) Терминология бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Комиссияның 4 отырысында да қаралған терминдерге лингвистикалық сараптама жасалды. Лингвистикалық сараптама барысында терминннің дефинициясы анықталып, оның бірнеше түркі, ағылшын және т.б. тілдердегі баламасы берілді. Заңнамадағы қолданысына талдау жасалып, бекітуге нақты нұсқа ұсынылып отырды. Бекітілетін терминдермен қатар жеке азаматтардан түскен бірнеше лингвистикалық сипаттағы мәселелерге да сараптама жасалды. Лингвистикалық сараптама жасалған терминдердің жалпы саны - 4209, оның 4069-ы бекітілді.
16) Ономастика бағытында 2022 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы Ономастикалық хабаршы бюллетені 2 нөмірде басып шығарылып, «Атау.кз» сайтында орналастырылды. Аталған бюллетеньдерде ономастика саласындағы ғалымдардың еңбектері жарияланған.
17) Тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында әзірленген интернет-ресурстар жаңартылып, толықтырылып тұрады. Мәселен қазақ тілін өздігімен үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz» сайттары көпшіліктің сұранысына ие. Емле ережелерінің дұрыс түзіліп, нормаланған нұсқалары берілген, сауатты дұрыс жазу тәртібі көрсетілген «Еmle.kz» орфографиялық электрондық базасы, - салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздер, кірме сөздердің мағынасын берілген «Sozdikqor.kz» платформасы, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін насихаттауға бағытталған «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы мен оның кирилл графикасынан қазақ тілінің латыннегізді әліпбиіне жылдам көшіруге мүмкіндік беретін «Qazlatyn.kz – Конвертер» платформасы әр сала мамандарының жұмыста қолданатын таптырмас құралдарына айналған.
18) 2022 жылы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың аясында шетелдік архивтерде, кітапханаларда, ғылыми мекемелерде Қазақстан тарихына қатысты жаңа құжаттық дереккөздер анықталып сатып алынды. Қазақстан архившілері Германия, Польша, Чехия, Түркия, Франция, Венгрия, Үндістан, Иран, Египет, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Катар елдерінде зерттеулер жүргізді. Архившілерден құрылған ғылыми экспедиция мүшелері 7000-нан астам құжат, оның ішінде 445 фотоқұжат, 206 кітап пен сирек қолжазбаларды сатып алды. Әкелінген құжаттар мен материалдардың хронологиялық шеңбері 973-1990 жылдар аралығын қамтиды.2
19) «Туған тіл» альманахының 4 нөмірі, «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетеннің 2 нөмірі, «Ономастикалық хабаршы» электрондық бюллетеннің 2 нөмірі әзірленді. Балаларға арналған «Балапан әлемі» журналының 6 нөмірі, «Тіл және қоғам» альманағының 2 нөмірі шығарылды.
20) Республика тұрғындарының тілдік мәдениеттерін арттыру мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы, «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы», «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Ұлттық ономастика – ел айнасы», «Тіл шебері» республикалық байқаулары, оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау, этно-мәдени бірлестіктердің басшыларымен онлайн режімде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-кеңес, «Ілеспе аударма: теориялық негіздері мен практикасы» қазақ тілінен ағылшын тіліне және орыс тіліне аударма жүргізу курстары ұйымдастырылды
21) Еліміздегі мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі 2022 жылы 34%-ке жетті. Астана қ - 57%, Алматы қ - 33%, Шымкент қ - 47%, Ақмола облысы - 31%, Алматы облысы - 34%, Ақтөбе облысы - 25%, Атырау облысы - 33%, БҚО - 33%, Жамбыл облысы - 32%, Қарағанды облысы - 34%, Қызылорда облысы - 54%, Қостанай облысы - 35%, Маңғыстау облысы - 29%, Павлодар облысы - 34%, СҚО - 35%, Түркістан облысы - 33%, ШҚО - 32%
22) «Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру» бойынша оқу сабақтары офлайн режимде Германияның – Мюнхен, Францияның – Париж, Монғолияның – Ұлан-Батыр, Венгрияның – Будапешт, Испанияның –Мадрид, Иранның – Горган, Ресейдің – Мәскеу, Астрахан, Омбы қалаларында жүргізілді. Оқу курсына 150 адам қатысты.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
- ҚР Еңбек кодексінің 16-бабының 17-тармақшасын негізге ала отырып, тіл оқыту орталықтары мамандарының үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;
- ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына тиісті өзгерістер енгізіп, орталық оқытушыларына еңбекақыларын көтермелеу мәселелерін шешу;
- ҚР Еңбек кодексінің 139 бабының 7 тармағын негізге ала отырып, тілдерді дамыту саласындағы қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу тәртібін әзірлеп, бекіту жолдарын қарастыру ұсынылсын.