Меню

Страницы

Статья

Извещение о проведении конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства на земельные участки, расположенные в Каркаралинском районе Карагандинской области

ХАБАРЛАМА

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы  

 

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43-1 бабын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы басшылыққа ала отырып, 2021 жылдың 16 маусым күні сағат 10-00 де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Т.Әубәкіров көшесі 23 мекен жайда орналасқан Қарқаралы ауданы әкімдігінің акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 26 мамырдан бастап 2021 жылғы 15 маусым күнгі сағ:18-30- ға  дейін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде қабылданады, орналасқан мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ә. Бөкейханов көшесі, 40.

Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.   

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамды құрайтын заңды тұлғалардан басқа, белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.

 

Конкурсқа төменде келтірілген кестеде көрсетілген мынадай жер учаскелері қойылады:

 

№

Жер учаскесінің орналасқан ауылдық округ атауы (лот № )

Жалпы алаңы, га

Алқаптардың құрамы

 

оның ішінде

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің сипаттамасы (топырақ түрі), орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

 

 

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

барлық егістік

оның ішінде суар

малы егістік

барлықжайы

лым

оның ішінде

ТЖ жайылым

ша

бын

дық

басқа алқаптар

 

1

Шарықты  а/о

Лот №162

361,4431

-

-

345,3

-

-

16,1431

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 11

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

2

Тегісшілдік  а/о

Лот №193

595,0396

-

-

592,4

-

-

2,6396

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 12

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

3

Жаңатоған а/о

Лот №192

700,0

-

-

684,1

-

9,7

6,2

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 15

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

4

М.Мамыраев а/о

Лот №181

1330,738

-

-

1319,138

90,9

-

11,6

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 18

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

5

Н.Әбдіров а/о

Лот №182

2398,0

  -

-

2388,4

1350,0

-

9,6

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 18

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы

6

М.Мамыраеав а/о

Лот №121

980,0

-           

-

976,5

 

 

3,5

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 18

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

7

Қайнарбұлақ а/о

Лот №178

2049,5287

-

-

2040,7287

-

-

8,8

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 12

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

8

Темірші а/о

Лот №184

3300,0

-           

-

3288,5

-

-

11,6

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет  - 11

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

9

Қ.Аманжолов а/о

Лот №180

1239,0

-

-

1223,4

-

-

15,6

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 12

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

10

Қырғыз а/о

Лот №197

498,4

-

-

493,8

-

-

3,6

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет  - 11

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

11

Қ.Аманжолов а/о

Лот №195

2316,5703

-

-

2304,0

-

-

12,5703

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 12

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

12

Ынталы а/о

Лот №200

1693,6388

 

-

-

1670,0

-

-

23,6388

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 13

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы,

өсімдік шаруашылығы

13

Ынталы а/о

Лот №201

2928,0016

-

-

2906,0

85,0

-

22,0016

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 13

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

 

14

Ынталы а/о

Лот №202

1752,5185

-

-

1714,0

-

-

38,5185

20 жыл

Қою қызыл топырақтар, балл бонитет – 13

Қамтамасыз етілмеген

өсімдік шаруашылығы,

мал шаруашылығы

 

Барлығы

22142,8786

 

 

21946,2667

1525,9000

9,7000

186,9119

 

 

 

 

 

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Қосымша ақпаратты "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" Мемлекеттік мекемесінен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бөкейханов көшесі 40. Байланыс тел / факс 8 (72146) 31404.

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип
Объявление

Сейчас читают

Объявление
19 октября 2026
Извещение о проведении конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства на земельные участки в Аулиекольском районе Костанайской области
Объявление
19 октября 2026
Извещение о проведении конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства на земельные участки в Камыстинском районе Костанайской области
Объявление
19 октября 2026
Извещение о проведении конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства на земельные участки в Шардаринском районе Туркестанской области

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы