Жамбыл облысы Сарысу ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Көру саны:22
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 08 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.
Өткізу уақыты 2026 жылдың 08 желтоқсан күні сағат 15.00-де мекенжайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын ауданы №18 ғимараттың 2-қабатындағы Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өтеді.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығының өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы берілетін жер учаскелерінің тізімі
|
№ |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жалпы көлемі, га |
Егістік |
оның ішінде |
жайылым |
шабындық |
|
|
суармалы |
тәлімді |
||||||
|
1 |
«Қамқалы» босалқы жерінен |
50,0 |
|
|
|
50,0 |
|
|
2 |
«Қамқалы» босалқы жерінен |
800,0 |
|
|
|
800,0 |
|
|
3 |
«Қамқалы» босалқы жерінен |
1000,0 |
|
|
|
1000,0 |
|
|
4 |
«Байқадам» босалқы жерінен |
120,0 |
120,0 |
|
120,0 |
|
|
|
5 |
«Игілік» босалқы жерінен |
4,2254 |
4,2254 |
4,2254 |
|
|
|
|
6 |
«Береке» босалқы жерінен |
1000,0 |
|
|
|
1000,0 |
|
|
7 |
«Сарысу» босалқы жерінен |
1047,48 |
|
|
|
947,48 |
100,0 |
|
8 |
«Б.Серікбаев» босалқы жерінен |
79,415 |
|
|
|
79,415 |
|
|
9 |
«Б.Серікбаев» босалқы жерінен |
1000,0 |
|
|
|
1000,0 |
|
|
10 |
«Береке» босалқы жерінен |
500,0 |
|
|
|
500,0 |
|
|
11 |
«Шығанақ» босалқы жерінен |
1000,0 |
|
|
|
1000,0 |
|
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге жол берілмейді.
- Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Конкурстық ұсыныс;
- Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурс туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда – күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасымалдағышта қолма-қол не пошта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
- Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста:
1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
- Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе мөрленбейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурсқа қатысушының соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкілдің) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
- Өтінімде және конкурстық ұсыныста грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауы тиіс.
- Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы 27 қаңтарға дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.
- Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
- Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
- Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
- Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Конкурсқа байланысты деректерді Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, №25 ғимаратында орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс телефоны: 8 (726-34) 6-17-37, 6-31-39