Жәнібек ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілуіне байланысты, шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша 2020 жылғы 20 сәуір күні сағат 09:00-ге жоспарланған конкурс кейінге қалдырылған болатын.
Осыған байланысты төтенше жағдай алынып, карантиндік шектеулер жеңілдетілуіне орай аталған конкурс 2020 жылы 28 мамыр күні сағат 10:00-де өткізілетіндігін хабарлайды.
Өтетін орны: БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, №61