Жиі қойылатын сұрақтар
«Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімдердің (карантинге жатқызылған жүктердің, материалдардың, тауарлардың) тізбесі бекітілген.
Аталған тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясы, соның ішінде тұқымдық материал өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган тарапынан карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауға жатады.
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына мыналарды әкелуге тыйым салынады:
Экспорттаушы елдердің ұлттық карантин қызметтерінің фитосанитарлық сертификаттары жоқ фитосанитарлық қауіптілігі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;
Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантиндік объектілермен және бөгде түрлермен зарарланған карантинге жатқызылған өнімді;
Топырақты, карантиндік объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, өндіріс орындарынан және (немесе) учаскелерінен топырағы бар тірі тамырланған өсімдіктерді;
Өсімдік ауруларының қоздырғыштарын – тірі саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар культураларын, сондай-ақ өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптердің тұқымдарын (уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда);
Оларға қатысты уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде карантинге жатқызылған өнім фитосанитарлық сертификатпен бірге жүруі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Өсімдік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес биологиялық препараттар пестицидтер ретінде жіктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (шағын учаскелік және өндірістік) сынақтарын өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Пестицидтерді тіркеуді Комитет «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидті, қауіптілігі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) шеңберінде «Е-лицензиялау» МДБ АЖ порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде жүзеге асырады.
Қағидалардың 37-тармағына сәйкес, шағын учаскелік және өндірістік сынақтар, биологиялық, шаруашылық, токсикологиялық-гигиеналық және экологиялық бағалаулар жүргізілген, тіркеу досьесі алынған және қоршаған ортаны қорғау мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі алынған пестицидтер мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Биологиялық заттар негізіндегі пестицидтерді тіркеу процесі 12 ай бойы (бір толық вегетациялық кезең) жүреді. Пестицидке берілетін тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі 10 (он) жылды құрайды. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін пестицидті қайта тіркеу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Пестицидтердің шағын учаскелік және өндірістік сынақтарын бекітілген жоспарларға сәйкес аккредиттелген орындаушы ұйымдар жүргізеді, бұл ретте оларды өткізу шығындарын тіркеуші (өтініш беруші) төлейді. Тіркеу сынақтарын орындаушы ұйымдардың тізбесін Комитет жыл сайын олардан түсетін өтінім-хаттар негізінде қалыптастырады.
Сонымен қатар, пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптар, соның ішінде процестің сипаттамасы, тіркеу куәлігін беру нысаны, мазмұны мен тәртібі, сондай-ақ өзге де мәліметтер Қағидаларда және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (жоғарыда аталған Қағидаларға 11-қосымша) баяндалғанын хабарлаймыз.