ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛҒА

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛҒА

 

 Қонаев қаласы                                                             2024 жылғы 25 желтоқсан

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментінің (бұдан әрі-Департамент) 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 49-нқ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментінде) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде (Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде) сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) тұрғысынан жүргізілді.

Ішкі талдау Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты, сонымен қатар оларға қарасты қандай да бір мекемелердің болмауы ескеріле отырып жүргізілді.

 

БІРІНШІ БАҒЫТ: ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

НҚА-да ішкі талдау объектісінің қызметіне әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексі, 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРК Кәсіпкерлік Кодексі, 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары «Субъект (объект) бақылау және қадағалау кезінде профилактикалық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығы, 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы, 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРК Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі, 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРК Азаматтық іс жүргізу кодексі, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРК Мемлекеттік қызмет туралы Заңы, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Президент Жарлығы, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы негізінде жүзеге асырады.

Департаменттің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының пайда болуына жол беретін тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар жоқ.

Ұсыныстар:

Департамент қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

 

ЕКІНШІ БАҒЫТ: ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

Персоналды басқару

Персоналдың тиімділігіне талдау жасау

 

2024 жыл бойынша Департаменттің штаттық саны 19 бірлікті құрайды, оның ішінде: 1 жетекші, 1 жетекшінің орынбасары, 3 бөлім басшысы, 14 бас маман.         

2024 жыл ішінде 10 тәртіптік жаза қолданылды.

Ұсыныстар:

Кадр құрамының ауысу пайызын төмендету мақсатында мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеуге деген ынтаны арттыру, қолайлы жұмыс ортасын құру және кәсіби деңгейін жоғарылату үшін мәселелерді қарастыру қажет.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты талдау

мыналарды анықтады

 

Талдау жүргізу кезінде кіріс және шығыс хат - хабарлар мәселесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері зерделенді.

Департаменттің 2024 жылғы құжат айналымы 3 189 құжатты құрады, оның ішінде:

- 1573 өтініштер;

- 251 шағымдар;

- 252 басқалар.

- 1486 құжат қаралды, 573 қайта бағытталды, 12 құжат мерзімінен кеш қаралды, 12 құжат мерзімінен кеш бағытталды, 93 қалдық.

Шығыс құжаттарын өңдеу Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және жеке ұйымдардағы құжаттарды ресімдеу, құжат айналымын басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Бұл бағыттағы негізгі құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы және басқа да қолданылатын құқықтық актілер болып табылады.

Жалпы, жүргізілген талдау нәтижесінде Департаменттің қызметінде өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы және өтініштерді үстірт қарау фактілері анықталды, бұл құқық қорғау органдарының берген ұсыныстарымен және қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тартылуымен расталады.

Ұсыныстар:

- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтауы қажет.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен нақты тәуекелдер

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу мақсатында Департаменттің әрбір қызметкерінің назарына басшылық Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаудың міндеттілігі туралы ақпаратты тұрақты негізде жеткізеді. Сонымен қатар, Департамент басшылығы қызметкерлеріне заңның бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаға қатысты заңда белгіленген тәртіппен шаралар қолданылатынын түсіндіреді.

Жалпы, жоғарыда айтылғандай, Департамент 3 құрылымдық бөлімшеден тұрады:

- Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімі;

- Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімі;

- Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімі.

Жоғарыда аталған бөлімдердің қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болу фактісін атап өту қажет, өйткені жеке тұлғалармен тікелей байланыс бар.

Мысалы, жеке немесе заңды тұлғалардың қандай да бір өтініштерін қабылдау кезінде (эл. базалар және т. б. арқылы келіп түскен өтініштерді қоспағанда), қызметкерлер жеке тұлғамен тікелей байланыста болады.

Сондай-ақ, бөлімдердің қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің талаптары шеңберінде жер учаскелеріне бару, халықпен тікелей байланыста болу арқылы тексеруді жүзеге асырады.

Ұсыныстар:

Департамент қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

 

         Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:

         Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында осы бағытта қандай да бір фактілер анықталған жоқ.

Жүргізілген талдауды ескере отырып ұсыныстар:

Өзінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде Департамент қызметкерлері көзделген кезеңдік және рәсімдік іс-қимылдарды ескере отырып, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі анықталған жағдайда қолданыстағы заңнаманың талаптарын нақты ұстануы қажет.

         Анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі ұсынымды іске асыру мерзімдері:

         Ішкі талдау жүргізу кезінде Департамент қызметкерлерінің халықпен тікелей байланысын ескере отырып, ықтимал тәуекелдер анықталды.

         Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды орындау мерзімі - тұрақты.

 

 

Дуйсенов Болатбек Ускенбаевич

 

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті

Алматы облысының жер ресурстарын

басқару департаменті басшысының

орынбасары

 

Амиржанов Жанат Рыскелдиевич

 

Руководитель отделарук

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті

Алматы облысының жер ресурстарын

басқару департаментінің Құқықтық

қамтамасыз ету және ұйымдастыру

жұмысы бөлімінің басшысы

 

Джундыбаев Марат Кадырович

 

 

 

 

 

 

Абдиоразов Данияр Агабекович

 

 

 

 

 

 

 

Шамышов Руслан Жанабаевич

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті

Алматы облысының жер ресурстарын

басқару департаментінің Жер

мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті

Алматы облысының жер ресурстарын

басқару департаментінің Құқықтық

қамтамасыз ету және ұйымдастыру

жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті

Алматы облысының жер ресурстарын

басқару департаменті басшысы                  _______________    Ж. Нурлыбаев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2024