ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауы нәтижелерін
жария талқылауының
ХАТТАМАСЫ
Петропавл қ. 2024 жылғы 12.12.
Төрағалық етуші:
ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаментінің (бұдан әрі –Департамент) құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы – А.К.Уразамбетов.
Қатысқандар:
Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы – А.К.Уразамбетов СЖТІТ нәтижелерін талқылауды жиналғандармен амандасумен, іс-шараға қатысушыларды таныстырумен ашты.
СЖТІТ ағымдағы жылы Департамент қызметіне 2024 жылғы 01 қаңтар мен 01 желтоқсан аралығындағы мерзімде жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТІТ нәтижелеріне жария талқылау жүргізу қажет.
Осыған байланысты, біз бүгін СЖТІТ нәтижелеріне жария талқылауды жүргізіп отырмыз.
Осыдан соң, сөз сөйлеу жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы И.Г. Микотинаға берілді.
Департамент қызметіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес СЖТІТ өткізілді.
СЖТІТ келесі:
- «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы 16.01. №21 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30.12. №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныс (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныс) негіздерінде жүргізілді.
СЖТІТ келесі:
1) объективтілік;
2) шынайылық;
3) ашықтық;
4) жан-жақтылық принциптерінде жүргізіледі.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.
Департамент қызметінде анықталған 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелі тіркелді, атап айтқанда:
Атап айтқанда, құрылысқа арналған жер учаскесін пайдалану (игеру) түсінігін анықтау қажеттігі мәселесі бойынша.
Ұсыным әзірленді: Жер кодексінің 12 немесе 92-бабына тиісті анықтамалар қосу.
-жайылымдардың «ұсақ контурлылығын» анықтау қажеттігі мәселесі бойынша. Ұсыныс жасалды: Жер кодексінің 92-бабына (немесе «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы) - қай алаңдағы жайылымдардың алабы ұсақ контурлы (қосылған) болып саналады және жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасын айқындау кезінде оларды назарға алмау туралы жазу.
Субъектіні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 339-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту кезіндегі (ескерту немесе айыппұл) әкімшілік жауапкершілік салу кезіндегі айқын шектеу болуы мәселесі бойынша. Ұсыныс жасалды: ҚР Кодексінің 339-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы, атап айтқанда: «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза «жеңілдететін мән-жайлар» болған кезде ғана қолданылады. «Жеңілдететін мән-жайлар» не болып табылатынына анықтама беру.
Одан әрі сөз сөйлеу жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау бөлімі басшысының м.у.а. А.С. Манинаға берілді.
ҚР ӘРПК 64-бабына сәйкес өтініштерді қарау және қайтарып алу мәселесі бойынша, тексеру ашу кезінде өтініштерді кері қайтарып алуға тыйым салу туралы ҚР заңнамасына (ҚР Кәсіпкерлік кодекс, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі) толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау: өрескел бұзушылықтарға жол беретін субъекті - жерге орналастырушыларға қатысты («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан басқа) оларға тиесілі емес құқықтары басқа жер учаскелеріне және жылжымайтын объектілерге қосыла шекара белгілеуге жол беретін («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-нан басқа)субъектілерге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге мүмкіндік беретін толық бақылау қажет енгізу қажет.
ҚР заңнамасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалымен, ЖАО және олардың құрылымдық бөлімдерімен жіберілген бұзушылықтарды жою мерзімдерін нақты регламенттеуі қажет. Осыған байланысты, ҚР Жер кодексіне немесе ҚР Кәсіпкерлік кодексіне толықтырулар енгізу қажет.
ӘҚБтК 62-бабында анықталған әкімшілік жауапкершікке тартудың екі айлық мерзімі өтіп кетуіне, сотқа дейінгі тәртіпті сақтамауына, құрылыс объектісінің пайдаланылмайтын жер учаскесін алу мүмкін еместігіне байланысты, нұсқаманы орындамауы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін еместігі мәселесі бойынша, ҚР заңнамасына (Жер кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодекс немесе ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі) толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесіне бастамашылық жасау қажет, оған сәйкес оның нақты жойылмау жағдайында жер заңнамасының бұзушылығы ұзаққа созылған құқық бұзушылық болып анықталар еді.
Талқылау барысында басқа ұсыныстар түскен жоқ.
Осымен Департамент қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау аяқталды.
Жұмыс тобының жетекшісі:
|
1.Уразамбетов Абзал Кайрлович |
- |
құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы; |
|
Жұмыс тобының хатшысы:
|
|
|
|
2. Кабикенов Даниал Акжаикович
|
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы–мемлекеттік инспекторы |
|
Жұмыс тобының мүшелері:
|
|
|
|
3. Микотина Ирина Геннадьевна |
- |
Жер мониторингі,талдаужәне есепке алу бөлімінің басшысы
|
|
4. Манина Алёна Станиславовна |
- |
жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысының м.у.а.
|
|
5. Абильмажинова Ляззат Шайкеновна
|
|
құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы |
|
|
|
|
|
6. Кенбеилов Айдос Жанашұлы
|
|
СҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
|
7. Туружанов Копеш Кайиржанович |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» МК»КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының ақпараттық жүйелерді жүргізу және сүйемелдеу бойынша басқарма басшысы |